Студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Шетел тілдері» кафедрасында «ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстанның тартымды бейнесін қалыптастыру» тақырыбында бірінші курс студенттері арасында үздік презентация конкурсын өткізу туралы есебі

Іс-шара 2018 жылы 28 қарашада (15:05-16:50) 428 аудиториясында «Шетел тілдері» кафедрасына өткізілді. Шара «Шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі меңгерушісі, доцент, п. ғ. к. Джантасова Дамира Дулатовнаның, тәрбие жұмысына жауапты оқытушы Изотова А. С., оқытушы Какуля Ж. М., Бейсханова С. А., Свич Н.А., Джуманова Л. С., сондай-ақ оқытушылар Ботаева А. У., Туғамбекова М. А. лардың тікелей араласуымен өткізілді. Шара ағылшын тілінде өткізілді және оған қатысқан студенттер саны  (40 адам).

 

Жоспар бойынша тәрбиелік іс-шара «Рухани Жанғыру» бағдарламасының, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының, «Отаным-тағдырым»базалық бағытын жүзеге асыру аясында өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: белсенді азаматтық ұстанымды, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру.

Мақсаты:

— рухани және мәдени құндылықтарды сақтау және көбейту;

— студенттердің назарын дарынды және табысты замандастарға аудару;

— туған елге және мәдениетке, әдет-ғұрыптарға, дәстүрлерге ерекше көзқарас танытуға ықпал ету.

 

Аяқталу көрсеткіші: студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Іс- шараға қатысушылар: Серикбаев Адильбек АиУ 18-2, Цхай Николай  АиУ 18-5,Рахатова Алия ОП 18-1, Баймухан Акжол БЖД 18-1 , Лим Анастасия Э 18-5, Алпанова Жанар Арх 18-1, Хишин Ерсаин  ГД 18-6, Шлехт Арсентий ВТ-18-3, Алпысбаева Жадыра БТ 18-1, Мусатаев Рустем ВТ-18-3, Батырхан Керимжанов НД-18-1.

Қазылар алқасы келесі бағыттар бойынша ұсынылған 25 жұмыстың ішінен ең үздік 11 жұмысты таңдап алды:

1) қазақстандық қоғамның қоғамдық санасының өзгеруі

2) Біздің заманымыздың батырлары

3) Қазақстанның киелі географиясы

Студенттер өздерінің жұмыстарын ағылшын тілінде 4 минут бойы қазылар алқасы, шақырылған оқытушылар мен 1 және 2 курс студенттері алдында қорғады.

Жүлделі орындарға келесі студенттер ие болды:

  1. Батырхан Керимжанов НД-18-1
  2. Баймухан Акжол БЖД 18-1
  3. Серикбаев Адильбек АиУ 18-2

 

Байқау студенттердің дайындық деңгейін, сондай-ақ аталмыш іс-шараның ұйымдастырылуын және қатысушылардың ағылшын тілін білуін, сондай-ақ оқу барысында алған көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын көрсетті. Студенттердің көпшілігі өз презентациясын жасау мен қорғауға шығармашылықпен келді,материал заманауи сапалы іріктелген. Презентация осы тақырыпқа қатысты өз ойлары мен тұжырымдарын ортаға салды. Аяқталу көрсеткіші студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру болып табылады. Жаһандану, ұлттық бірегейлік, сананың ашықтығы қағидаты пайдаланылды. Студенттік қоғамның Жаңа гуманитарлық білім алуын, сондай-ақ шет тілін білуін арттыруды атап өту қажет.

Без рубрики