Ronald and Eileen Weiser Орталығы Мичиган университетінде Еуропа және Евразия мемлекеттері үшін оқытушылар мен зерттеушілерді Weiser кәсіптік дамыту стипендиялық бағдарламасына қатысуға шақырады.


Кандидаттар Мичиган Университетіндегі серіктесімен зерттеу немесе оқытудың кез-келген саласындағы жобаларды ұсынады. Кандидаттар ауызша және жазбаша ағылшын тілін жоғары деңгейде білу керек, білімі тексеріледі.

Шәкіртақы Мичиган Университетіне, Энн Арборға 4 апта немесе 3 ай қысқа мерзімді зерттеу сапарлары, бару және қайту авиабилеттері, тұру, медициналық сақтандыру және күнделікті қарапайым шығындарын қамтиды. Weiser Орталығы 2019 жылдың ақпан-сәуір айларында немесе 2019 жылдың қыркүйек-қараша айларында Анн Арборға жасаған сапар үшін 5-7 марапат табыстайды.

2019 жылдың лауреаттарын іріктеу Мичиган университетінде конкурстық іріктеу арқылы өтеді.

Өтініштерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 15 қыркүйек

Қосымша ақпарат келесі сілтемеде: https://ii.umich.edu/wcee/visiting-fellows.html

Без рубрики