І-семестрде атқарылған жұмыстардың есебі бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді


22 ақпанда ҚарМТУ Инновациялық технологиялар колледжінің кестесіне сәйкес ата-аналар жиналысы болып өтті.

Жиналысқа шақырылған ата-аналар мен 1-4 курс студенттері қатысты. Жиналыстың күн тәртібі бойынша: оқу, тәрбие және әдістемелік жұмыстар туралы есептерге тоқталды.

Ата-аналар жиналысының негізгі мақсаты: ата-аналарды студенттердің оқу үлгерімі және мінез-құлықтары туралы жүрізіліп жатқан тәрбие бағытындағы жұмыстармен, топтардың әлеуметтік-эмоционалдық жай-күйі туралы таныстыру, және ата-аналарды ағымдағы мәселелерді шешу туралы хабардар ету болатын.

Жалпы жиналысқа 70-тен астам әр түрлі курс студенттерінің ата-аналары қатысып, директор Н.А.Смагулованың колледжде жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша есептерін тыңдады. Сонымен қатар, колледж директоры ата-аналарды бірлесіп жұмыс жүргізуге шақырды, студенттерге көмек қолдау көрсету және тәрбие беру, сабаққа қатысуларын бақылау мен оқу үлгерімдерін қатаң қадағалауларын ескертті.

Жиналыс соңында колледж директоры Н.А.Смагулова лайықты тәрбиелері үшін ата-аналар мен колледж студенттерін Алғыс хаттарымен марапаттады.

 

Без рубрики