Құрметті, Университет қызметкерлері!


«Enhanced Eurotalents» бағдарламасы —  бұл CEA (The French Atomic Energy and Alternative Energies Commission) және Еуропа комиссиясымен қапржыландырылатын ғалымдар мен зерттеушілерге арналған халықаралық ұтқырлық бағдарламасы.

Enhanced Eurotalents  бағдарламасы 2014 -2018 жылдарға арналған. Өтініш қабылдаудың соңғы мерзімі- 2017 жылдың мамыр айы.

Enhanced Eurotalents  бағдарламасы CEA зертханаларына 1 жылдан 3 жыл аралығында келесі салаларда зерттеу жүргізу үшін шетелдік ғылыми қызметкерлерді шақыруға бағытталған:

  • энергетика, қоршаған орта және климат ауысуы;
  • биология ғылымдары және биотехнологиялар;
  • микроэлектроника, наноғылымдар және нанотехнологиялар, фотоника, робототехника, бірітірілген жүйелер, заманауи материалдар …
  • қарапайым бөлшектер физикасы, Әлем физикасы…

Enhanced Eurotalents бағдарламасының негізгі мақсаты- дарында жас ғалымдарға ғылыми мансапқа жетуге мүмкіндік беру. Әр шәкіртақы алушыға бағдарлама кәсіби дамудың ұзақ менрзімді жоспары болады деп күтілуде. Бағдарламаға қатысуға зерттеушіге кәсіби өсуге, өздігінен жұмыс жасауына, зерттеу ой-өрісінің кеңеюіне мүмкіндік беретін жобамен айналысып жүрген жас ғалымдар өтініш бере алады.

Бағдарламаға өтініш беру кезінде PhD дәрежесі бар немесе зерттеу саласында төрт жылдан кем емес тәжірибесі бар (жоғарғы білім туралы диплом алғаннан кейін)  кез-келген ұлттың жас ғалымдары қатыса алады. Өтініш беру барысында жеке бас және жұмыс себебінен зерттеу жұмысындағы үзілістерді көрсетілген мерзімге кіргізбеу қажет екенін ескерген жөн. Егүер қатысушы үш жыл шамасында, яғни қатысушының бағдарламаға қатысаоһрынан бұрынғы жылдары, Францияда оқыса немесе жұмыс істесе, онда жалпы мекендеу уақыты 12 айдан аспауы тиіс.

Өтініштер үзіліссіз 2017 ж 31 мамырға дейін қабылданады және жылына үш рет қарастырылады: 31 қаңтар, 31 мамыр және 30 қыркүйек.

Өтініш беру туралы толық ақпарат бағдарлама сайтында: http://eurotalents.cea.fr/

Без рубрики