Құрметті редакторлар мен журналисттер!

ҚарМТУ алғаш рет Quacquarelli Symonds британдық компаниясы жасаған дамып келе жатқан Еуропа мен Орталық Азия елдерінің рейтингіне енді.

Жалпы QS EECA (Emerging Europe & Central Asia) рейтингіне аймақтың 22 елінен 150-ден астам ЖОО енді. 2015 жылы оған Қазақстанның 14 университеті кірді.

Quacquarelli Symonds агенттігі университеттердің ең беделді рейтингтері болып саналатын QS World University Rankings рейтингін құрады. Сонымен қатар,  QS аймақтық және арнайы рейтингтерді де жасайды.