Құрметті редакторлар мен журналисттер!


2014 ж. 30 қараша сағ 10:00-де Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің жиын залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған жастар форумы өтеді.
Форумның мақсаты жастардың азаматтық және патриоттық әлеуетін дамыту, олардың оң идеялары мен бастамаларын қолдау болып табылады.
Форумның ұйымдастырушылары Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Білім және ғылым қызметкерлерінің Қарағанды облыстық кәсіподағы және ҚарМТУ студенттері мен магистранттарының «Жас Орда» кәсіподағы.Форум жұмысына беделді мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысады: Абдрахимов Г.Р.,ҚР Президенті әкімшілігі төрағасының орынбасары; Кусаинов А.К., Р кәсіподақтары Федерациясының төрағасы; Амантаева М.Т., Қазақстан білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы; ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың пікірлестері; Қарағанды қаласы және Қарағанды облысы әкімдігі мен маслихаттарының өкілдері.
Облыстың білім беру мекемелерінің жас оқытушылары; ҚарМТУ-дың ПОҚ,студенттері, магистранттары мен докторанттары форум делегаттары болды.
Форум шеңберінде: жастардың шығармашылық топтарының салтанатты концерті, студенттік флеш-моб, Президент шәкіртақысына ие болған ҚарМТУ студенттерін марапаттау салтанаты өтеді.
Іс-шара Форум қатысушыларының ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа үндеуімен аяқталады.

Без рубрики