Құрметті редакторлар мен журналистер!


2014 жылғы 5-желтоқсан күні сағат 10.00-де Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Сәкен Сейфуллин және ұлттық руханият» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Конференция Елбасының «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде қазақ халқының дауылпаз ақыны, ұлы жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдық мерейтойына арналған.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Сәкен Сейфуллин халық жадында мәңгі сақталар жан, асылдардың асылы, аяулылардың аяулысы. Сәкен – біздің ұлттық мақтанышымыз, ел үшін еңіреген ер, қайтпас қайсар күрескер. Егемен ел атанып, тәуелсіздік туын тіккен қазақ еліне Сәкеннің үздік үлгісі, өрелі өнегесі өте керек» дегені қазіргі қайраткерлерге жігер-қуат берері сөзсіз.
Конференция мақсаты – жастар арасында ақынның шығармаларын жан-жақты насихаттау, қазақ тілінің байлығын, көркемдігін өлең-жыр арқылы көрсете білу, жастарды тілін, елін, жерін, тарихын қадірлеуге шақыру.
Конференцияға:
О. Әбдікәрімов (Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері);
Т. Кәкішев ( Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері);
Н.О. Дулатбеков (заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі);
Несіпбек Айтұлы (ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, С.Сейфуллин мұражайының директоры);
Х.М. Әбжанов (профессор, тарих ғылымдарының докторы, Ш.Уәлиханов атындағы этнология және тарих институтының директоры);
А. Ғ. Кәкен ( Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, сәкентанушы);
С.К. Оспанов (Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, өнер зерттеушісі, сәкентанушы), сонымен қатар Қазақстанның қоғамдық ғылым саласындағы танымал ғалымдар мен белгілі саясаткерлер, оқытушылар, магистранттар қатысады.
Конференция туралы қосымша мәліметті төмендегі мекенжай бойынша алуға болады:

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
Қарағанды қ., Бейбітшілік б.
Тел.: 56-59-32 (1123) Қалыбекова Қаламқас Сағындыққызы
E-mail: kargtu@kstu.kz
www.kstu.kz

Без рубрики