Құрметті редакторлар мен тілшілер!


Қарағанды мемлекеттік

 техникалық университеті

Қарағанды, Бейбітшілік бульвары, 56

Тел./факс: 56-88-01

E-mail: kargtu@kstu.kz  

Ақпараттық хабарлама

www.kstu.kz 

17 қыркүйек  2013 жыл

 

Құрметті редакторлар мен тілшілер!

 

2013 ж., қыркүйек айының 16-ы, сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін «Жастар Әлемі» Жастар сарайында Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған «Тілім-тірегім» атты әр түрлі конкурстардан және концерттік бағдарламадан тұратын іс-шара өтті.

«Бәйге» атты бірінші конкурсқа 10 адам қатысты. Балалар екі топқа бөлініп, мақал-мәтел, жаңылтпашты 3 тілде айтуда жарысты.

«Полиглот» атты екінші конкурста – көрермендер арасынан 10 қатысушы сөздер, сөйлемдерді аударып, жұмбақтарды шешіп, алфавиттің әріптерінен сөйлемдер құрды.

«Ой өрісі» үшінші конкурсында көрермендерге біздің Республикамыз туралы сұрақтар қойылды. Олар белсене қатысып, көңіл-күйлерің көтерді.

Қазылар алқасы мүшелігіне Жастар саясатының Департамент директор орынбасары Талғат О., ағылшын тілінің аға оқытушысы Хамитова З.Ж., орыс тілінің аға оқытушысы Сейдахметова З.К. және ҚарМТУ кітапханашысы Тюлемисова Р.Ф. шақырылды. Конкурс аяғында студенттер мадақтама қағаздармен, алғыс хаттармен және қойын дәптерлермен марапатталды.

Іс-шараның мақсаты – патриотизм деген сезімді ояту және Қазақстан тілдер бірлігінің негізінде әр түрлі ұлтардың студенттерін біріктіру.

 

Без рубрики