Құрметті редакторлар мен тілшілер!

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

Қарағанды, Бейбітшілік бульвары, 56

Тел./факс: 56-88-01

E-mail: kargtu@kstu.kz 

Ақпараттық хабарлама

www.kstu.kz   

12 тамыз 2013 жыл

  

Құрметті редакторлар мен тілшілер!

 9 тамыз күні ҚарМТУ-да облыс әкімі Бауржан Әбдішев аймақтың құрылыс кешенін дамыту бойынша кеңес өткізді.

Кеңеске Қарағанды, Балқаш, Саран, Теміртау, Шахтинск және селолық аймақтардың құрылыс индустриясының 40-тан астам кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынған көрмеге орайластырылды.

Кеңесті ашқан кезде, облыс әкімі құрылыс кешені маңызды макроэкономикалық нәтижесі және экономикадағы құрылыстық өзгерістерге әсері бар екендігін айтты. Бұл жерде 40 мың адам жұмыс істейді. Тек құрылыста 800-ден астам кәсіпорын қызмет атқарады, ал олармен ақырғы бес жылда жасалған құрылыс жұмыстардың көлемі екі есе өсті.

Құрылыс материалдарының өндіріс құрамына 6 мың адам жұмыскерлерінің жалпы санымен 150 кәсіпорынды қосатын 7 сала кіреді.

Құырылыс материалдарының тұтынушылары құрылыс, өндірістің барлық салалары, көлік, ауылшаруашылық, қызмет салалары, сауда, ғылым, мәдениет және білім болып табылады.

Сонымен қатар, құрылым кешенінде шешімді талап ететін бірталай қиындықтар бар. Бұл, ең алдымен жабдықтардың қатты тозу саласынан құрылыс материалдарының көлем азаюы, кәсіби мамандардың тапшылығынан құрылыс объектілерін жобалаудың төмен сапасы және өндірістік пен ғылыми-техникалық базасының нашар болуы.

Елбасының тапсырмасына байланысты барлық айтылған сұрақтарды қазақстандық өндірушіні қорғай отырып, шараларды іске асыру негізінде мемлекеттің тікелей қатысуы бойынша субсидия, лизинг схемаларың, қаржыландыру қорларын пайдалану, сонымен қатар мемлекеттік-жеке серіктестіктің дамуы,- деп облыс әкімі атап кетті.

Кейін кеңесте құрылыс кешеннің әр түрлі даму аспектілері қарастырылды.

Құрылыс материалдар өндірісі даму сұрақтары бойынша сөз кәсіпкерлік және өндіріс басқармасының басышысы Ғалым Әшімовке берілді.

Құрылыс саласындағы  және құрылыс материалдарын қолданудағы қазақстандық құрамдас бөлігінің ұлғаюы бойынша істер жөнінде құрылыс басқармасының жетекшісі Самат Мұрзатаев айтып кетті.

Осы сұрақ бойынша Руслан Хусаинов – «Кол жетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын қолдауға құрылған «Қазақстандық тұрғылықты-құрылыс корпорациясы» басқармасының төраға орынбасары баяндамамен есеп берді.

Сонымен қатар кеңесте сәулет және қала қөұрылысы басқармасының жетекшісі Қайрат Джиембаев, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің жетекші міндетін атқарушы Любовь Золотарь, Техникалық реттеу және метрология Комитет департаментінің басшысы Жолдасбек Оңғарбаев және білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев сөз айтты.

Кейін осы сұрақ бойынша пікір алмасу өтті.

Облыс әкімі бұл кеңестің кәсіби мереке — Құрылысшы күні алдында өткенін айтып кетті. 

-Осы сәтті пайдалана отырып, біздің облысымыздағы құрылыс саласындағы қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтаймын. Шын жүректен сіздің ауыр жұмысыңыз үшін алғыс білдіремін. Сіз болмасаңыз осы тамаша және ыңғайлы ғимараттар мен құрылыстар, пәтерлер мен үйлер болмаушы еді. Сіздің жұмысыңыз – бұл облыстың түрі, — деді Бауржан Абдишев.

Аяғында құрылысмы кешеннің ерекше жұмыскерлеріне «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» құрметті төс белгісі, марапаттау қағазы және Қазақстан Республикасының аймақ дамуының Министрлігі, құрылыс және тұрғын-коммуналдық істері бойынша Комитетінің және облыс әкімінің алғыс хаты берілді.  

 

Без рубрики