Құрметті оқытушылар!


«Жас Орда» студенттер кәсіби комитетінің активисттері Сіздерді Мұғалім күнімен шын жүректен құттықтайды!

Бұл барлығымыз үшін, күнде білікті мамандардың дайындығына баға жетпес үлес қосатын педагогтар үшін ерекше мереке. Ұстаз, оқытушы, педагог – ең қиын, сонымен қатар әлемдегі ең қызықты мамандықтарының бірі.

Бәрімізге белгілі, Университетіміздің негізі 1953 жылы қаланды. Осы уақыттың ішінде университет мыңдаған мамандарды оқытып, қазіргі кезде олар қызмет атқарып, біздің мемлекетіміздің  ғылым, білім, құқық және экономикамызды дамытады.

Қазіргі кезде оқытушылар, қызметкерлер, студенттер мен магистранттардың көп жылдық күші салудың арқасында біздің Университетіміз жоғары білікті техникалық кадрларды даярлау бойынша Қазақстан Республикасының жетекші университеттерінің бірі болып табылады.

Осындай күні Сіздің адал еңбегіңіз, білім дамуына қосқан ерекше үлес, өсіп келе жатқан ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбие бергені үшін алғысымызды айтамыз.

Сіздерді мерейтойыңызбен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жаңа шығармашылық табыстар, адал ниетті және нысаналы студенттерді тілейміз!

Без рубрики