Құрметті ғалымдар, профессорлар және ғылыми қызметкерлер!


«Ньютон- Әл-Фараби» Қазақстан- Британ серіктестік бағдарламасының шеңберінде Қазақстанның ЖОО және ғылыми орталықтарында кәсібі даму мен ынтымақтастық орталықтарын ашу жоспарланып жатқанын хабарлаймыз.
Ғылыми қоғамның кәсіби қажеттіліктерін анықтау мақсатында біз жоғарыда айтылған орталықтарда болашақта тренинг, семинарлар және басқа да іс- шаралар өткізетін өзекті мәселелерді айқындау үшін сауалнама жүргіземіз.Осыған орай, https://ru.surveymonkey.com/s/T3YSRCS сілтемесі бойынша өтіп 2014 ж. 19 желтоқсанына дейін 10 сұрақтан тұратын онлайн сауалнаманы толтыруларыңызды сұраймыз.
Аталмыш анкетаны толтыру 3-5 мин уақытыңызды алады. Сіздердің жауаптарыңыз бен пікірлеріңіз Қазақстанның ғылыми қоғамында қажетті іс-шараларды өткізуде өте маңызды.
Қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!

Без рубрики