Резюме

МАШИНАЖАСАУ ИСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Шарая ОА

 

Ольга Александрқызы Шарая, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық ақпараттану академиясының корреспондент – мүшесі, «2006 — ЖОО ең үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.

Қарағанды қаласында жұмыскер жанұясында 9 шілде 1961 жылы өмірге келді. 1983 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Қара және түсті металдардың құю өндірісі» мамандығы бойынша «инженер-металлург» кваликациясымен бітірді. 1983 бастап 1986 жж. аралығында Лихачев атындағы зауыт жанындағы Мәскеу Зауыт-Жтуз күндізгі толық аспирантурасында оқыды. 1987 жылдан – Қарағанды политехникалық институты «Материалдар түзілісінің технологиясы» кафедрасының ассистенті. 1990 жылдан – аға оқытушы, 1991 жылдан – доцент, ал 2004 жылдың наурызынан бастап «Машиналар, құю өндірісінің технологиясы және материалдар түзілісі» кафедрасының меңгерушісі. 2009 жылдың ақпанынан бастап ҚарМТУ машинажасау иститутының директоры.

1987 жылдың қаңтарынан бастап «Тозу және үйкеліс жағдайындағы шойын бұйымдарын карбонитриттеу» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1993 жылдың желтоқсанында ҚР ЖАК металлургия доценті ғылыми атағы берілді. Ғылыми көкжиегі – металдар және қорытпалардың беткі қабаттарын беріктендіру әдісі, жоғары мектеп мәселелері, білім ордаларын аккредиттеу.

О.А.Шараяның шығармашылық көкжиегінің нәтижелері 140 астам ғылыми еңбектері, соның ішінде 2 оқулықтар, 4 авторлық куәліктер және патенттерде көрінеді.

2006 жылы білім аясында тер төккен еңбегі мен жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің Грамотасымен марапатталды, 2008 жылы – Қарағанды қаласы әкімінің Алғыс хаты, 2009 жылы космос ғылымына еңбек сіңіргені үшін Ресей космос ғылымы Федерациясының Ю.А. Гагарин медалімен марапатталды. 2006 жылы ҚР БҒМ «ЖОО ең үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегері атанды.

 

Ғылыми еңбектер

Без рубрики