Республикалық «АЛАМАН» фестивалі

2018 жылдың 28-қарашасында Көкшетау қаласының Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармонияда «Мәңгілік ел жастары — индустрияға» — «Серпін» әлеуметтік жобасының студенттері арасында дәстүрлі Республикалық «Аламан» фестивалі өтті.

Фестивальдің мақсаты – «Серпін» жобасы аясында білім алушы студенттердің азаматтық позицияларын қалыптастыру, белсенділіктерін арттыру, әлеуметтік бастамаларына қолдау жасау. Фестиваль 5 номинация бойынша өткізілді:

  • «Мамандығым – мақтанышым!» (эссе);
  • «Таңдаған өңіорім – болашағым!» (презентация);
  • «Өнерлінің өрісі кең» (ән, би және т.б. шығармашылығы);
  • «Менің әлеуметтік жауапкершілігім!» (әлеуметтік жоба);
  • «Ағылшын тілінің мамандығым үшін маңызы?!» (пікір-талас).

Атап айтатын жайт, фестивальға Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан 26 жоғары орындарының және 7 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысты. Аталған жарысқа Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Серпін» жобасы аясында білім алып жатқан «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» мамандығының 3-курс студенті Манап Ерғали Нұрдәулетұлы қатысты. Байқау нәтижелері бойынша өзінің ұшқыр ойымен, тапқырлығы және жаңашылдығымен қатарластарын басып озған Манап Е. жүлделі І-орынды иеленді. Жеңімпаз «Болон процессі және Академиялық ұтқырлық» орталығының директоры А.Құлтуманованың атынан мадақтама қағазымен марапатталып, бағалы сыйлыққа ие болды.

Без рубрики