«KSTU CUP I: Жастар рухани жаңғыру жолында» атты Республикалық пікір сайыс турнирі


2019 жылдың 6-7 сәуір күні Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті ректоры Кубогына арналған «KSTU CUP I: Жастар рухани жаңғыру жолында» атты Республикалық пікір сайыс турнирі өтті.

Пікір сайыс турнирінің басты мақсаты – жастардың бойындағы патриоттық сезімін күшейту, ұлттық сәйкестікті сақтау, жаһандану дәуірінде болашақта Қазақстанның даму перспективаларды сақтап қалу.

Турнирге Нұр-Сұлтан, Алматы, Бішкек, Түркістан, Тараз, Шымкент, Қарағанды қалаларынан жалпы саны 32 команда қатысты. Турнир БПФ (Британдық парламенттік формат) және ЛД (Линкольн-Дуглас) форматтары бойынша жүргізілді.

Ойын 4 іріктеу раундынан кейін келесі кезеңге БПФ форматы бойынша 16 команда, ЛД форматы бойынша 16 спикер өтіп, тартысты ойынды көрсете білді. Екі күндік пікір сайыс турнирі төмендегідей нәтиже көрсетті:

1-орын:  ҚазтұтынуОдағы Қарағанды экономикалық университетінің  «Thank u next» командасы;

2-орын: Ахмет Ясауи атындағы университеті мен Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің біріккен «13 Легион»  командасы;

3-орын: Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ «Дангал» командасы.

«Ең үздік спикер» — Ахмет Ясауи атындағы университетінің студенті Сапарқұл Ж.;

«Үздік спикер» — ҚазтұтынуОдағы Қарағанды экономикалық университетінің  студенті Зікрия Н.;

«Жастар финалының жеңімпазы» — Сәтбаев университетінің  «Жеті» командасы.

Барлық қатысушылар алғыс хатпен марапатталып, жеңімпаздарға диплом және бағалы сыйлықтар табысталды.

Без рубрики