«Репродуктивті денсаулық»

Медициналық көмектің сапасын басқаруды жетілдіру және денсаулық сақтау жүйесіндегі жоғарғы технологиялық даму Қазақстан Республикасындағы 2011-2015 жылғы «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасында басты орын алады. Денсаулық сақтауды басқару нәтижелігін жоғарылату мақсатында Қазақстан Республикасында Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі құрылған, ол медициналық көмек көрсету үрдісінің тұнықтығы, бәсекелестік ортаны құру, науқастардың медициналық ұйымды және дәрігерді таңдау еркі қағидатына негізделген.

Дүниежүзілік ғылыми қарым-қатынасты ықпалдастыруда, перспективалы ғылыми-зерттеулерді үйлестіруде және анықтауда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы халықтың репродуктивті денсаулығын сақтау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша еліміздегі ірі ғылыми мекеме болып табылады.
Ақпанның 12-і жұлдызында «Жастар әлемі» студенттер сарайында Жастар саясаты департаменті және «Жас орда» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттерімен Облыстық салауатты өмір салтын сақтау орталығының және «Gedeon Richter» фармацевттік компаниясының мамандарымен «Әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғаудағы мәселелер» атты тақырыпта танымдық дәріс болып өтті.
Қазіргі таңда экологияның ластығының өзі адам денсаулығына орасан зор зиян келтіреді. Бұған қоса, түрлі дәрумендердің жеткіліксіздігі, тамақты дұрыс және уақытында пайдаланбау, әртүрлі деңгейдегі күйзеліс, бір орында тапжылмай отырып жұмыс істеу сынды кері факторлар адамзат баласының денсаулығын күрт төмендетіп жібергені анық. Ал, қыз қашанда – болашақ ана. Олардың денінің саулығы – ұлттың саулығы екені аян. Бүгін студент болғанмен, ертең бала тәрбиелейтін ел анасы болмақ. Осы тұрғыдан алып қарағанда, медициналық дәрістің мәні орасан зор болды.
Дәрісті арнайы шақырылған, дәрігер Исетова Дина Мұхамеджанқызы, акушер-гинеколог Воробьева Регина Васильевна, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенттері жүргізді.
Репродуктивті денсаулық – дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының анықтауы бойынша, бұл жай ғана репродуктивті жүйеге және оның процестеріне қатысты аурулардың болмауымен ғана байланысты емес, ол дене бітімінің, ақыл-ойдың және әлеуметтік аманшылдықтың кезеңі.
Негізі, біз көп жағдайда бірінші кезекте әлеуметтік және дене бітімінің аманшылдығына назар аударамыз да, психологиялық денсаулық туралы ұмытып кетеміз немесе екінші орынға қоямыз. Ал шын мәнінде психологиялық денсаулық ең маңызды мәселе болып табылатыны аян.
Жалпы, дәріс барысында келген мамандар «репродуктивті денсаулық дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беріп дәріс-баяндамасын слайд түрінде көрсетті.
Кездесуге ҚарМТУ-дың талантты жастары да ат салысты. Атап айтсақ, «Эксклюзив» би ансамблінің кербездері, «RIZE» би тобының мүшелері, жас әнші Нұрай Рашид және жүргізушілер Дмитрий Бекмагамбетов, Назира Аубакирова.
Студенттер тарапынан түскен сұрақтарға жауап берді. Дәріс соңында мамандар денсаулық сақтаудың, түрлі аурулардың қауіптілігінен қорғанудың аса маңызды екенін айтып өтті.