Ректор балына іріктеу өтуде


np-ji49RM_kАқпанның қақаған аяздарына қарамастан, біздің студенттеріміз мамыр  мерекелеріне қызу дайындық үстінде. Өйткені көктемнің соңғы айында білім ордамызда студенттер үшін  маңызды оқиғалардың бірі  ректор балы өтеді.

Міне, бес жыл қатарынан  студенттер әуезді  вальс, ойнақы мазурка әуендерінің жетегінде шыр айнала би билейді.

13 ақпанда университет студенттерінің арасында өзінің би өнеріне қаншалықты жақындығын тексеріп, талантын жұртшылыққа жария еткісі келген жастар ішінде  іріктеу өтуде. Іріктеуде жастар тек би билеу қабілетімен ғана емес, өз-өзіне деген сенімділігі және қайсарлылығы сияқты тұлғалық қасиеттерімен де сынға түспек.

Балды өткізудегі мақсат жастардың өнерге деген құлшынысын арттырып, студенттерді университет өміріне барынша кеңінен тарту болып табылады. Әрине, сонымен қатар ректор балында үйіріле билеп, шынайы шаттану бозбала мен бойжеткендер өміріндегі өте әдемі де айрықша құбылыс болары рас емес пе?

Үміткерлерге сәттілік тілейміз!

vk.com/zhas_orda

 

Без рубрики