Рахымбаева Назерке


«Айға бағыт көздесең, жұлдыздарға жетесін!»

Белсенді өмір позициясы – ыңғайға көшу емес, өмірді жақсы жаққа өзгерту үшін әрекет жасау. Адами еңбек мемлекетті дамытудың негізгі қоры. 1993 жылы ҚР Президентінің қолдауымен адами қорларду дамыту мақсатымен «Болашақ» халықаралық бағдарламасының негізі қаланды. 20 жыл ішінде студенттерге шетелде әлемдік рейтингтегі университетте сапалы білім алуға және білікті, талап етілген маман болуға мүмкіндік ұсынылды. Сонымен қатар жастармен, басқа халықтардың өмірімен шынайы өмірде танысуға мүмкіндік болды.
Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің ректоры А.М.Ғазалиев басқа шетел ЖОО-лармен оқыту тәжірибесімен бөлісуга көп назар аударып, «Болашақ» бағдарламасын ынтамен қолдап, сапалы білім алу үшін ең жақсы жағдай жасайды. ҚарМТУ-дағы «Халықаралық байланыс бөлімі» Болашақ студенттерімен тығыз байланыс жасап, осы бағдарлама бойынша талапкерлерге іріктеу айналымдарын өтуге көмектесді. Маған да бұл бөлім құжат тапсыру мен барлық тесттерді өтуде өз көмегін көрсетті.

2009 жылы сәуір айында қабылдау тестерін тапсырған соң мен Қазақстан Республикасы Президенті «Блашақ» халықаралық стипендиясының иегері болдым. Стипендиант болар алдында мен ҚарМТУ-да «Автоматтандыру мен басқару» мамандығы бойынша білім грантында бірінші курсын бітірдім. Университеттің өміріне белсене қатыстым: топ басшысы, «Қазақстан студенттерінің бірлестігінде» факультет өкілі болып, университеттің әр түрлі конференциялары мен спорттық іс-шараларына қатыстым, бұл маған тез бейімделуге және таныс емес ортаға жақын болуға көмектесті.
ҚарМТУ-да бірінші курстан кейін мен Сингапурға Bridging Course (ЖОО-ға дайындық курсы) оқуға кеттім. Қарқынды оқудан кейін мен Англиядағы Манчестер Университетінен «Computer Science» мамандығы бойынша оқуға шақыру алдым.

Мен барлық адамдар Англияны тамаша сәулеттік ғимараты Big Ben суретімен, Шерлок Холмс мұражайымен, әлемге әйгілі топ «Beatles» астанасы, тарихи сарайлар мен ерекше сәулетімен орайластыратынына сенімдімін. Енді мен Англиядамын және бәрін өз көзімен көре аламын. Мен Англияны «Тұманды Альбион» деп атайтынын білемін, бірақ тұманды күндіз де түнде де көре алатынын білмедім. Бұл жерде жиі жаңбыр жауады, ауа-райы бұлыңғыр және өте дымқыл. Ұлыбританияға барам дейтіндерге менің кеңесім өзімен бірге жылы жамылғы, шатыр және резеңке етік алыңыз.
Ағылшындар спортты өте жақсы көреді, әсіресе футбол өте әйгілі. Әр қалада өзінің футбол клубы бар. Манчестер өзінің Manchester United және Manchester City әлемдегі рейтингтегі клубтар танымал. Осы клубтардың жанкүйерлері басқа клубтардың жанкүйерлеріне қаттылығын және басқыншылығын білдіреді. Манчестерде әлемдегі ірі стадиондарының бірі «Old Trafford» және Ұлыбританиядағы ең үлкен әмбебап орталықтарының бірі «Trafford Centre» орналасқан.
Мен Англияны таңдаған себебім, ол Oxford University, Cambridge University және the University of Manchester сияқты әлемдегі 50 үздік университет рейтингіне енетін университеттерімен танымал.

Қазір мен Манчестер университетінің ақырғы курсында оқимын. Манчестер Англия қалаларының бірі болып табылады. Бұл жерде әр түрлі 5 университетте 30000 студент оқиды. Бұл мейірімді және сөйлесуга ашық адамдары бар көп ұлтты қала. Қаланың сәулеті басқа ағылшын қалаларынан ерекшеленеді, әркелкілігімен таң қалдырмайды. Қалада кішкентай терезелері бар қара түсті ғимараттар өте көп, себебі бұл өндіріс орталығы.
Ұлыбританияның білімі жөнінде де айтып кеткім келеді. Білім жүйесіндегі айырмашылық оқыту әдістемесі болып табылады. Профессор пәнді таңдаған студенттерге дәріс оқиды. Студенттердің мамандыққа қайшы болып келмейтін департаменттен тыс пәндерді таңдауға құқықтары бар. Зертханалық жұмыстарда демонстраторлар (докторантура деңгейі бойынша оқитын студенттер) және оқытушылар болады. Олр көмектесіп, студенттердің жұмысын бағалауға көмектеседі. Оқытушылар өте жарқын жүзді және шетел студенттерімен шыдамды, көмектесуге әрдайым дайын.

Стипендиант болып, Қазақстаннан кеткен соң мен әлемге басқа көзқараспен қарай бастадым, Қазақстанның табысты дамуына қандай аспекттерді дамытуға болатынын анық түсіне бастадым. Мен мемлекеттің мүмкіншіліктерін айқын көре бастадым, себебі мемлекетті еңбек және ынта көмегімен дамытуға болады. Бұл оңай емес, бірақ орындалатын жол. Отанымның патриоты болып, осы мемлекеттердің жақсы жақтарын сіңіріп, Қазақстанның дамуына үлес қосқым келеді.
Біз мүмкіндіктерге толы әлемде тұрамыз. Алдарында жоғары мақсат қоюға қорықпандар, «Айға бағыт көздесең, жұлдыздарға жетесін!» деп бнекер айтпаған. Барлығына биік шыңдарға жетуге тілеймін.

Ізгі ниетпен,
Рахымбаева Назерке
Манчестер Университеті, Англия.

Без рубрики