«ҚР заманауи білім берудің маңызды мәселелерінің бірі болып саналатын Үштілділік; мәселелер және ұстанымдар»

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы «Тәрбие және білім» топтамасының («Саналы азамат» базалық бағыты) аясында Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, «Шетел тілдері» кафедрасы  31/10/2018 жылы 10:55-12:40  1 корпустың 611 аудиториясында  «ҚР заманауи білім берудің маңызды мәселелерінің бірі болып саналатын Үштілділік; мәселелер және ұстанымдар» атты тақырыпта пікір- таласы өткізілді.

Іс- шара дебат форматында өткізілді.

Дебат (ағылш. debate, debating) — үшінші (көрермендерді, қазылар алқасын) сендіру үшін өзара пікірлерін талқыға салу арқылы өз көзқарасын, ойын білдіретін екі топтық пікір- талас әдісі, аталмыш пікір- талас  Американдық Парламенттік Формат негізінде жүзеге асырылады.

Пікір- таластың негізгі әрі басты айырмашылығы оның үш тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілуі. Шараның негізгі мақсаты студенттердің бәсекелестікке қарсы тұра алтындығының айғағы болатын үштілділікті меңгеру мен оны іс жүзінде қолдана алуды айғақтау.

Шараның мақсаты төмендегідей:

  • Маманның бәсекелестікке қарсы тұра алатындай көзқарасын қалыптастыру;
  • Пікір аламаса отырып студенттердің ойлау қабілеті мен шешім қабылдай алу қабілетін дамыту;
  • Мінбеде сөйлей алу, қалың қауым алдында өз ойын ашық айтып, жеткізе алуға үйрету;
  • Өз елінің мәдениетін, тілі мен дінін біле отырып басқа қа халықтардың тілін, мәдениетін меңгеруге талпынасын, мәдениаралық құндылықтарды дәріптейтін тұлға тәрбиелеу.

Шараға жауаптылар және шараны талапқа сай өткізгендер: Шт кафедрасының меңгерушісі доцент, п.ғ.к. Джантасова Д.Д. оқытушылар Махметова М.К., Жданова Э.А., Сағадиева К.К., Изотова А.С., Ботаева А.У.

Шара өткізілгеннен кейінгі қол жеткізілген мақсаттар:  жаңа гуманитарлық білімге қол жеткізу, ана тілі мен шетел тілі бойынша білім деңгейінің  артуына және тереңдеуіне ықпал ету. Пікір- талас оған қатысушы студенттердің көзқарастарының тереңдігін, ақыл- ойларының кемерлігін, тілге бай, саяси білімдерінің барлығын дәлелдеді. Бұл білім сабақ барысында қамтылғаны белгілі.

Концептуалдық принцип — студенттердің бәсекелестік деңгейін арттыру мақсатында мәдениаралық коммуникация, заманауилық принципі.

Пікір- талас мәселелері аяқталғанымен әрбір студент өз пікіріне үстеме басқа да ой- пікір жинақтады деп ойлаймыз.

Іс- шараға 1 курстың  40 студенті қатысты.

2 топтың спикерлері болып төмендегі студенттер ат салысты:

  1. Бакытбек Аржан ТМО-18-1;
  2. Базаров Сейтхан ВТ-18-3;
  3. Каденова Акерке ВТ-18-3;
  4. Коротаев Сергей ВТ-18-3;
  5. Котляров Николай ВТ-18-3;
  6. Азарова Дарья УиА-18-6;
  7. Ахаев Аян УиА-18-6;
  8. Жакипбаев Алмас УиА-18-6;
  9. Штенгер Валерия УиА-18-6;
  10. Селихов Олег ЭЭ-18-3.

Іс- шара соңында барлық белсенді қатысқан студенттерге мақтау қағаздары және тәтті сыйлықтар табысталды. Шараға жауапты атқарушы оқытушылармен бірге ШТ кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент Джантасова Д.Д. және патриоттық тәрбие беру ҒЗИ директоры Кударинова Гульжан Социалқызы да қатысты

Без рубрики