ҚР-ның техникалық ЖОО студенттері мен магистранттары арасында «Математика және оның ғылым мен техникадағы қолданысы» тақырыбында ғылыми жұмыстардың (проектілердің) Республикалық конкурсын өткізеді


2018 жылдың 27-30 наурыз  Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту Мемлекеттік бағдарламасы аясында  және  Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің 65-жылдығына байланысты ҚР-ның техникалық ЖОО студенттері мен магистранттары арасында «Математика және оның ғылым мен техникадағы қолданысы» тақырыбында ғылыми жұмыстардың (проектілердің) Республикалық конкурсын өткізеді.

 

Келесі жұмыс секциялары жоспарланған:

Секция 1. Математикалық және компьютерлік модельдеу

Секция 2. Қолданбалы  математика

 

Өткізілу орны: ҚарМТУ. Өткізілу уақыты: 27 наурыз  – 30 наурыз 2018 ж.

Қатысу үшін өтінімді 2018 жылдың 20 наурызына дейін келесі мекен-жайға жіберу керек: Қарағанды қ., Бейбітшілік Гүлзары, 56.

Журов Виталий Владимирович, тел.: 87771865507

Email: zhurvitv@yandex.ru

Конкурсқа келесі материалдар көрсетілуі мүмкін.

1 Мультимедиялық материалдар, бағдарламалық, шығармашылық жобалар және ғылыми жұмыстар (көлемі 20 беттен артық емес).

2 Жұмыстың авторы мен ғылыми жетекшісі туралы мәліметтер жазылған көрсетілген үлгідегі өтінім.

3 Жұмыстың жаңалығы, мәні туралы айтылған 2-4 беттегі жұмыстың қысқаша сипаттамасы.

4 Ғылыми жетекшінің автордың жұмысты өздігінен жасағаны туралы пікірі.

Конкурс материалдарын рәсімдеу шарттары

1 Конкурсқа материалдар электронды түрде және қағазға басылған түрінде қабылданады.

2 Сипаттама (п. 3) ЖОО атауы, факультеті, кафедрасы, топтың аты, жұмыстың атауы,  жұмыстың авторы мен ғылыми жетекшісінің қолы қойылған  беттен тұрады.

3  Сипаттаманы рәсімдеуде келесі шартты ұстану керек:

— текст сол жағынан – 2,5см, оң жағынан – 1,5 см, колонтитулдар – 2,0 см;

— шрифт өлшемі Times New Roman 14;

— жоларалық интервал – 1;

— абзацтық шегініс – 1,25 см.

Без рубрики