ҚР Бас прокуратура комитетінің инновациялық жобалары

«5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының 32-қадамының орындалу аясында ҚР Бас прокуратура комитеті Қазақстан Республикасында «Қылмыстық құқық бұзушылық картасы», «Жол апаты картасы», «Жол-көлік оқиғаларын тексеру», «Қылмыскерлерді іздеу», «Педофилдер жайлы деректер қоры» және т.б.басқа инновациялық жобалары қызметке енгізілгендігін хабарлайды.
Жобаның мақсаты – Комитеттің халық арасында ақпараттық қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз етіп, кеңінен қолданысқа енгізу, сондай-ақ ҚР Бас прокуратура комитетінің АҚ-не деген азаматтардың сенімін арттыру және жобаның танымалдылығын көтеру.
Бұл жобалар барлық жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар статистикасы, криминогендік зоналар жайлы ақпараттармен онлайн тәртібінде танысуға, нақты уақыт тәртіптемесінде физикалық және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдарға берілген өтінімдерінің қаралуын қадағалап отыруға, айыппұлдар туралы уақытылы біліп, оларды Электронды үкімет арқылы дер кезінде төлеуге мүмкіндік береді.