ҚР азаматтарын уақытша тіркеуге байланысты кездесу

2017 жылдың 19 қаңтарында сағ.  16:00 – 18:00 аралығында  ҚарМТУ-дың бас корпусындағы №338 аудиторияда  Қарағанды қаласы Қазыбек би әкімдігі аппаратының және Ішкі істер басқармасының өкілдерінің қатысуымен  ҚР азаматтарын уақытша тіркеуге байланысты кездесу өтті.

Бұл кездесуді азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру  мақсатында Университеттің Жастар саясаты департаменті ұйымдастырды. Оған ҚарМТУ-дың ППҚ және факультет декандары және декан орынбасарлары, жалпы саны 86 адам  қатысты.

Кездесуге қатысушылардың сұрақтарына  төмендегі қызметкерлер қатысты:

1) Торебекова Айжан Серикжановна —  Михайловка ауданы Миграциялық полиция бөлімінің басшысы (капитан);

2) Акильжанова Ляззат Токеновна – Қарағанды қ. Қазыбек би ауданының әкімінің орынбасары;

3) Байжанов Рустам Орынбасарович — Қарағанды қ. Қазыбек би ауданының әкімдігі  аппаратының директоры;

4) Едембаев Каиржан Мукаевич – Қарағанды қ. Қазыбек би ауданының әкімдігі  аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің директоры.

Без рубрики