Профессор К.К.Каракесов атындағы бухгалтерлік есеп бойынша студенттердің аймақтық олимпиадасы

22 сәуір 2016 жылы академик Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ-да Профессор К.К.Каракесов атындағы бухгалтерлік есеп бойынша студенттердің аймақтық олимпиадасы өтті. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

- студенттердің таңдалған мамандығына- болашақ кәсібіне деген қызығушылықтарын арттыру, есеп саласындағы теориялық білімдерін тееңдету, экономикалық ойлауларының қалыптасуына түткі беру;

-  дарынды студенттерді анықтап, оларды ғылыми және тәжірибелік жұмыстарға тарту;

- студенттердің шығармашылық қыбілеттерін анықтау және дамыту;

- студенттердің интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.

Олимпиада келесі іс-шаралардан тұрды:

1) Келесі тақырыптардың бірі бойынша шығармашылық жұмыс- эссе жазу:  «XXI ғасыдағы есеп»; «Бухгалтер кеше, бүгін, ертең»; «Кәсіби бухгалтер»;

2) Бухгалтерлік есеп бойынша 3 кезеңнен тұратын студенттік олимпиада (Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ негізінде өтті): — 30 сұрақтан тұратын тесттік тапсырмаларды орындау (бухгалтерлік есеп, қаржылық және басқарушылық есеп саласы негіздерінен); — келесі3 тақырып бойынша тапсырма орындау: активтерді есептеу, міндеттемелерді есепке алу, қаржылық есептілік; — Топтық жарыс (тапсырмаларды орындау);

3) капитандар жарысы.

Олимпиадаға Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің 3 курс студенттері қатысты (УиА-13-2 тобы): Кашебаева Падиша – топ капитаны, сетификаттар мен марапатталған Алексанова Карина және Кульбекова Айжан : эссе жарысында I орын, капитандар жарысында I орын және топтық жарыста II орын. Ғылыми жетекші – оқытушы Мукашева С.С.