Жастар мәселелері мен олардың шешу жолдары

2012 жылдың, қазан айының 11-і Қарағанды мемлекеттік техникалық университеттің негізінде «Жастар мәселелері мен олардың шешу жолдары» атты қалалық дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстелге 53 адам қатысты, оның ішінде 5-і баяндамылар болды. Сонымен қатар дөңгелек үстелге Қырғыз Республикасының өкілдері де қатысты. Дөңгелек үстелдің модераторы ӘГП кафедрасының аға оқытушысы – Қарасартова Мадина Мұратқызы болды.

Дөңгелекті үстелде жастар көзқарасы бойынша өзекті болып келетін мәселелер талқыланды. Баяндамашылар келесі тақырыптарды айтып кетті: Алдияр Тұрсын (Бөкетов атындағы ҚарМУ) – «Қазіргі таңда жастар мәселелері мен олардың шешу жолдары»; Валиханов Темірлан – (ҚарМТУ) – «Тәжірибеден кейін жұмысқа тұру мүмкіндігі»; Омарова Әйгерім (ҚММУ) «Терроризм қатарындағы жастар»; Бекбосын Ақпейіл (ҚарМТУ) — «Қазіргі жастардың негізгі мәселесі жұмыссыздық»; Сайлаубай Шыңғыс (ҚарМТУ) «Мәдени жаһандану».

Баяндамашыларды тыңдап болған соң, қатысушылардың қарсы және қолдайтын пікірлер көп болды. Ең бастысы, баяндамашылар тек өз пікірін айтып қоймай, сонымен қатар зерттелетін мәселенің анализін өткізді.

Дөңгелек үстел мәселесі талқыланған соң, 7 пункттен тұратын шешім қабылданды, олар:

1. Жұмысқа орналастыру бойынша комитеттерді құру және дамыту;

2. Жастарды жұмысқа тарту;

3. Студенттерді жұмысқа орналастыру бойынша жобалардың бар болу жайлы мәлімет беру;

4. Жастар арасында терроризмге қарсы кешенді іс-шараларды өткізу;

5. Сәтті тәжірибеден өтту және жұмысқа орналасу;

6. Танымал тұлғаларды жастарды насихаттауға тарту;

7. Бір-біріңе құрмет білдіру.

Ұйымдастырушылары: ҚҰ «Жас Орда» ҚарМТУ студенттік ұйымдардың бірлестігі және МБ «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі».

Без рубрики