МТПУ кафедрасының оқытушылары мен студенттері Томск қаласындағы федералды мемлекеттік автономды білім беру мекемесінде біліктілікті арттыру курсын табысты аяқтады


Кафедра оқытушылары Айжамбаева С.Ж., Аймагамбетова Р.Ж., Белик М.Н. и Капжаппарова Д.У. 2018 жылдың 8-13 қазан аралығындағы Томск қ. РФ «Басқарудағы және бақылаудағы инновациялық технологиялар» бағдарламасы бойынша «Томск политехникалық ұлттық зерттеу университеті» жоғары білім берудің федералды мемлекеттік автономиялық білім беру мекемесінде  біліктілікті арттыру курсынан сәтті өтті.

Кафедра студенттері Горидовец А.Н., Калиев А.М. и Владимиров А.С. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында жүлделі орындарға ие болып, білім және ғылым министрінен 2-3 дәрежелі диплом алды.

 

СҒЗЖ конкурсына Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері мен студенттік ұжымдары қатысып, жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдардың өзекті мәселелері мен басым бағыттары бойынша студенттердің өз бетінше орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстары ұсынылды.

 

Без рубрики