PRbooks электрондық –кітапхана жүйесіне қол жетімділік


19.01- 20.02.16 ж аралығында ҚарМТУ үшін IPRbooks ЭКЖ-ға тесттік қолжетімділік ашық. Оқу ордамыздың әр студенті және әрбір оқытушысы Ресейдегі бірінші және жалғыз сертификатталған электрондық- кітапхана жүйесі болып табылатын электрондық басылымдардың лицензиялық толық мәтінді базасымен жұмыс істеуге мүмкіндік алды.
IPRbooks ЭКЖ- жаңа ақпараттық технологияларды және лицензиялық оқу әдебиеттерін біріктіретін, сіз қажетті білім алып, семинар, сынақ және емтихандарға дайындалып, қажет жұмыстар мен жобаларды жүзеге асыруға көмек беретін, білім берудің әр түрлі бағытына арналған, білім алуға және ғылыми зерттеулер үшін снімді және пайдалы ресурс.
Оқытушылар үшән IPRbooks ЭКЖ оқу жоспарын құрғанда, сабаққа дайындалғанда, қызметтестерінің жаңа басылымдары туралы мәлімет алуға пайдалы. ЭКЖ әр түрлі пәндер бойынша 20 000 артық оқу және ғылыми басылымдардан, көбісі ЖАК тізіміне енетін 200-ден астам ресейлік және шетелдік журналдар атауларынан тұрады, 300-ден астам федералді, аймақтық, ЖОО баспалары, ғылыми-зерттеу институттарының әдебиеттеріне, ғалымдардың және алдыңғы қатарлы авторлық ұжымдардың еңбектеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Қолданушылар үшін әр түрлі пәндер бойынша білімдерін тексеруге көмектесетін онлайн тәртібіндегі тесттер сайтта қол жетімді (350-ден астам тесттер).
Оқытушыларға өз жұмыстарының электрондық басылымдарын IPRbooks ЭКЖ-ға енгізуге мүмкіндік бар.
Online нұсқасында жұмыс жасауhttp://iprbookshop.ru сайтында тәулік бойы қол жетімді. Басылымның толық мәтінді нұсқасына қол жетімділік тіркелгеннен кейін мүмкін. Ол үшін кітапхананы дамыту бөлімінен логин және құпия сөзді алу қажет (бас ғимарат, 146В б.). Құпия сөзді алғаннан соң жеке тіркелуден өту керек және ары қарай ЭКЖ-нің әр түрлі қызметтері мен технологияларын пайдалана отырып, өз тіркелу мәліметтерімен жұмыс жасауға болады.
ЭКЖ –мен жұмыс жасау бойынша нұсқаулар сайтта, қолданушының жеке кабинетінде қол жетімді.
Нұсқау

Без рубрики