«Жырлайды жүрек»


2019 жылдың  9 ақпанында ҚарМТУ – дың «Серпіндестер Ордасы» жатақханасында қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың туған күніне орай «Жырлайды жүрек» атты поэзиялық кеш өтті.

 

 

Кештің  мақсаты – студенттерге қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту, ақынның өлеңдеріне арнап салынған қылқалам туындыларымен таныстыру. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Іс шараға студенттер ақынның өмірі және шығармашылығы туралы, өлеңдер жинағын, суреттерін көрме ретінде ұсынды. Кеш ұйымдастырушылары – «Серпіндестер Ордасы» жатақханасының Студенттер Кеңесі. Қатысқан студенттер саны – 40.

 

 

 

 

Без рубрики