Отызыңда орда бұзбасаң, қырықа келіп қамал ала алмайсың

«Отызыңда орда бұзбасаң, қырықа келіп қамал ала алмайсың» демекші, күні кеше 38 жасқа толған ҚарМТУ доценті, PhD Таңсәуле Серіков өзінің жағдайына қарамастан қатарластарынан оза шаппаса, қалыс қалып жүрген жоқ. Соның дәлелі ретінде оның Ресейде өткен параолимпиадалық ойындардың ашық біріншілігінде жүзу бойынша жүлделі орынға ие болуы. 19.11.2019ж. жүздесуде ҚарМТУ Ректоры Марат Кеңесұлы Ибатовтың ақ тілегін алып, университеттің қолдауымен жолға аттанған Таңсәуле еліміздің туын көкке желбіретіп, өзінің туған күніне және ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының мерекесіне орай біздің ұжымға, елімізге және қолдау көрсетіп, тілектес болған барлық жақындарына керемет сыйлық жасады! Құтты болсын, Таңсәуле, алда алар асуларың көп болғай!

Без рубрики