Студенттері және магистранттары үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2019-2020 оқу жылының күзгі семестріне Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінде оқуға құжаттарды қабылдау ашылды


 Құрметті студенттер және магистранттар!

Сіздерге студенттері және магистранттары үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2019-2020 оқу жылының күзгі семестріне Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінде оқуға құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлаймыз.

Өтініш берушілер 01.05.2019 ж. дейін 241 кеңсесіне (бас ғимарат) хабарласуы керек.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

– GPA – 3.0 және одан жоғары.
– Орыс тілін білу.
– Мамандықтың барынша сәйкестігі міндетті.

Мамандықтардың тізімін төменде табуға болады:

https://moeobrazovanie.ru/ugntu/?specs

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. ұсыныс хаттар (кафедра меңгерушісі, кафедра доценті);
  2. жеке оқу жоспары;
  3. транскрипт;
  4. жеке куәліктің көшірмесі;
  5. скоросшиватель;
  6. сурет 3*4 – 3 дана;
  7. мектеп аттестатының көшірмесі;
  8. файлдар – 5 дана
  9. студенттің/магистранттың өтінішінің нысаны

Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетіне үлгі өтінім

 

Без рубрики