Ұлы Петр атындағы Санкт-Петербург политехникалық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға студенттер арасында құжаттар қабылдау ашылды


Құрметті студенттер!

Ұлы Петр атындағы Санкт-Петербург политехникалық университеті 2019/2020 оқу жылының күзгі семестріне академиялық ұтқырлық бойынша студенттерді оқытуға даярлауға құжаттарды қабылдауды ұсынды.

Өтініш беру үшін Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық орталығына (241,бас ғимарат) келуіңізді сұраймыз.

Өтініштерді қабылдау мерзімі 1 мамыр 2019 жылы.

Орыс  тілін жаксы білу, ағымдағы академиялық көрсеткіш бойынша міндетті көрсеткіш – GPA – 3.0 және жоғары, және мамандықтың максималды сәйкестігі.

Мамандықтар тізімі төменде берілген: https://www.spbstu.ru/applicants/admission-of-foreign-citizens/

Қажетті құжаттар тізімі:

1. ұсыныс хаттар (кафедра меңгерушісі, кафедра доценті);
2. жеке оқу жоспары;
3. транскрипт;
4. жеке куәліктің көшірмесі;
5. скоросшиватель;
6. сурет 3*4 – 3 дана;
7. мектеп аттестатының көшірмесі;
8. файлдар – 5 дана
9. студенттік өтінім

Ұлы Петр атындағы Санкт-Петербург политехникалық университеті өтініш формасы

 

Без рубрики