Шығу бойынша есеп беру

Күзгі халықаралық «Жас Қанат» кәсіби одақ басшыларының көшпелі мектебі

 

Шығудың мақсаты – Қарағанды қаласының белсенді жастары мен басқа мемлекеттер мен қалалардың басшылар арасындағы байланысты дамыту, ҚарМТУ студенттік кәсіби одағын ұсыну, ҚарМТУ студенттер мен магистранттардың кәсіби одақ ұйымының юелсенді жұмысына бірінші курс студенттерін тарту. Студенттік кәсіби одақтардың мәселелерін шешуге бағытталған. Жобаларды дамыту және ары қарай іске асыру.

 

ӨТКІЗУДІҢ УАҚЫТЫ МЕН ЖЕРІ:

  • Теміртау қаласындағы демалыс базасы;
  • Демалыс базасына ҚарМТУ-дың бас ғимаратынан сағат 17:00-те шығу
  • Базаға кету –  12 қазан;
  • Базадан кету – 14 қазан.

 

 

Бірінші күн.

Шығудың 170 қатысушылар ҚарМТУ-дың 2 ғимаратында жиналып, іс-шараның ұйымдастыру моменттерін шешті. Сонымен қатар «Жас Орда» ҚарМТУ магистраттар мен студенттердің кәсіби одақ төрағасы қатысушыларға «Жас Орда» кәсіби одағында жүргізілетін жұмыстың маңыздылығы жайында айтты. Шығудың демеушісі ұялы байланыс операторы «Beeline» компаниясы студенттерге компанияға жаңа идеялар ұсынуға мүмкіндік берді. Ұйымдастырушылар шығудың қатысушылары арасында қауіпсіздік техникасы  бойынша нұсқау өткізіп, қатысушылардың топ бойынша бөлді. Кейін топтар аудиторияларына барып, бір-бірімен танысып, топ құруға тренинг өтті.

Екінші күн.

Шығу шеңберінде қала бойынша «Күндізгі барлау» ойыны өтті. Қатысушылар станциялар бойынша жүгіріп, әр түрлі тапсырмаларды орындады. Ойын қатысушыларды топ ішінде біріктіріп,  топ арасындағы бәсекелестік рухын көтерді.

Үшінші күн.

Қатысушылардың демалыс базасына кетуі. Барлық қатысушылар «Политехник» кафесінің алдында жиналып, оларға тапсырмалармен хаттар таратылып, қайта қауіпсіздік техникасы оқылып, онымен танысу жайында қолдар қойылды. Қатысушылардың жеке заттарын наркотикалық және ішімдікке анықтауға тексеріс өткізілді. Сапар барысында қатысушылар ойындар ойнап, тапсырмалар орындады.  «Космонавт» демалыс базасына келегн соң, қатысушылар қағазға боялған қолмен із қалдырды, бұл «Жас қанат» көшпелі мектепке ресми түрде келгенін білдірді. Кейін қатысушылар бөлмелеріне таралып орналасты. Келесіде олар «Түнгі барлау» ойынын ойнады – олар ұйымдастырушылардың әр түрлі тапсырмаларын орындады. «Жас Орда» кәсіби одағына арнау – қатысушыларды шамдар қойылған алаңшамен аяқталатын дәліз бойынша жүргізіп, ант айтқызды. Бұл сол кештің ақырғы іс-шаралары болды, содан кейін қатысушылар ұйқыға кетті.

        

Төртінші күн

Қатысушылар 7.30-да тұрып, таңғы жаттығу жасайды. Таңғы астан кейін қатысушыларда бірінші курс студенттерін оқытуға бағытталған іс-шаралар өтті. «КВН» бойынша тренингтер, «Жас Орда» жайлы семинарлар, «Жетекшілік» пен «Шешен өнеріне» мастер класстар біздің студенттердің дамуына үлкен түрткі береді. Мастер класстарда қатысушылар студенттік жастардың мәселелерін талқылап, пікір алмасып, өзіне маңызды ақпаратты белгілей алды.

Жастар арасында салауатты өмір салттарын дамыту үшін «Көңілді старт» ойыны өткізілді. Кейін «Жас Star» таланттар конкурсы өткізілді, бұл конкурста қатысушылар өздерін шығармашылық жағынан көрсетті. Олар шығармашылық және хобби пайдаланып, тренинг және мастер класстарда ие болған дағыдаларды да қолданды, Қатысушылар өздерін әр жақтан көрсетіп, өлең айтып, би билеп, әзілдеп, миниатюра көрсетті. Ұйқыға бару алдында қатысушыларға шам өткізілді, олар өз әсерлерімен және өткен күндерге тілектерімен бөлісті.

Бесінші күн (қорытынды)

Таңғы шаралардан кейін қатысушылар «Жалған теориясы» мастер классын және  бірігуге арналған тренингтен өтті. Кейін жоспар бойынша топтарда шығудың басты шарасы «Италия» өтті, бұл конкурста қатысушылар белгілі бір тақырыпқа жоба жасап, қорғау керек болды. Іс-шара мәні – қатысушыларды өз ойларын, жобаларын іске асырып, олардың жүзеге асуына тырысу. Қорытынды іс-шара шығудың жабылуы болды, көшпелі мектептің қорытындысы жасалып, қатысушыларды мадақтама қағаздарымен марапаттап, жалпы фото жасалынды.

Кейін қатысушылардың ғимараттардан жиналып, «Космонавт» базасынан шықты. Қарағанды қаласына келегн соң, барлық қатысушылар үйлеріне аман-есен қайтты.

Без рубрики