«Қош келдің, Әз Наурыз»


2017 жылдың 17-наурызында ҚарМТУ-дың «Серпіндестер Ордасы» жатақханасында қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамының қарсаңында «Серпін-2050» студенттерінің ұйымдастыруымен «Қош келдің, Әз — Наурыз» атты мерекелік кеш өтті.

Іс-шара барысында қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеу мақсатында осы тақырыптар төңірегінде студенттерге түрлі сұрақтар қойып, әсем әуендер айтылды. Сонымен қатар  мерекелік кеште «Көркем» қыздар клубы «Әз — Наурыз» атты жәрмеңке ұйымдастырды. Аталған жәрмеңкеде қазақ қыздары қолдан жасалған әшекей-бұйымдар, ұлттық тағамдар даярлады.

Без рубрики