«Қош келдің, Әз – Наурыз»


2017 жылдың 17 наурызында КарМТУ-дың «Серпіндестер Ордасы» жатақханасында ұлттық Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, Әз — Наурыз» тақырыбында мерекелік концерті өткізілді.

Концерт барысында қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін дәріптеу мақсатаныда студенттерге әр түрлі сұрақтар қойылды, сондай-ақ, студенттер қазақ халқының ұлттық әндерін орындады. «Көркем» шығармашылық қыздар үйірмесінің қатысушылары «Әз — Наурыз» атты жәрмеңке ұйымдастырды.

Жәрмеңкеде «Көркем» шығармашылық қыздар клубы қатысушыларының өздері жасаған қол бұйымдары мен ұлттық тағамдары сатылымға қойылды.

Без рубрики