Орыс тілі пәні бойынша интернет-олимпиада

Облыс және қаламыздың интеллектуалды потенциалын сақтап, дарынды балалардың оқу-танымдық белсенділігін арттырып, олардың мүмкіндіктерін және оқу-тәрбие процесіндегі ақпараттық технологияларды дамыту мақсатында ҚарМТУ-дың орыс тілі және шет тілі кафедрасының ұйымдастыруымен орыс тілі пәні бойынша жыл сайынғы интернет-олимпиада өткізілді. Оған қазақ және орыс тілінде оқытатын облыс мектептерінің 11 сынып оқушылары қатысты.

Орыс тілі пәні бойынша интернет-олимпиаданың алғашқы туры сырттай түрде өтті. Бұл үшін кафедра  мұғалімдері арнайы тесттер әзірлеп, осы турға тіркелген 61 оқушыға таратты. Нәтижесінде екінші турға 31 оқушы өтті.

Жеңімпадарды құрамында университеттің төмендегі оқытушылары бар әділқазылар алқасы анықтады:

Оспанова Б.Р. –ф.ғ.к. Көптілді инновациялық орталығының директоры, доцент,  ҚарМТУ-дың орыс тілі және шет тілі кафедрасының меңгерушісі; Акынжанова А.А.- ОжШТ кафедрасының аға оқытушысы; Тимохина Т.В. — ОжШТ кафедрасының аға оқытушысы; Кишенова А.Ю. — ОжШТ кафедрасының оқытушысы.

Олимпиаданың екінші туры 2017 жылдың 19 қаңтарында өтті. Ақтық турдың қорытындысына орай мына оқушылар жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болды:

1 орын – Шегебаева Айым, Қарағанды қ, ХББ НЗМ;

2 орын – Сакеева Айсулу, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ж.Акылбаев атындағы мектеп-гимназия;

3 орын – Темирбулатова Тогжан, Қарағанды қ., ЖББОМ №12 .

Жүлдегерлер мен олардың мұғалімдері алғыс грамоталары мен құнды сыйлықтармен марапатталды.

Без рубрики