ОО «Казахстан маркшейдерлерінің одағы»

2017 жылдың 14 қыркүйегінде сағат 10:00-де ҚарМТУ-дың бас корпусының жиын залында Халықаралық маркшейдерлік қоғамының президенті Анатолий Охотиннің (Ресей, Иркутск ұлттық зерттеу техникалық университетінің профессоры) қатысуымен «Геодезия, маркшейдерлік іс және геотехникадағы инновациялық технологиялар» тақырыбында Халықаралық маркшейдерлер форумы және Қазақстанның маркшейдерлік одағының ІІ  съезі өтеді (ISM).

Форум бағдарламасында:

ISM Президенті, Германия, Ресей, Украина, Өзбекстан және Қазақстан ғалымдары, Швейцария, Италия, Испания, Ресей мемлекеттерінің тау-кен кәсіпорындарын инновациялық өлшеу технологияларымен қамтамасыз ету мәселелері және Қазақстанда осы саланы дамыту перспективалары жөніндегі маркшейдерлік-геодезиялық компанияларының өкілдерінің баяндамалары;

    • Leica Geosystems (Швейцария), TRE Altamira (Испания және Италия), Ресей (Совзонд) компанияларының заманауи маркшейдерлік геодезиялық технологиялары жайындағы көрсетілімі;
    • заманауи маркшейдерлік геодезиялық құрылғылар: лазерлі-сандық нивелирлер мен тахеометрлер, 3D-сканерлер, жаңа заманауи жерсеріктік бағдарлау жүйелерінің (GPS) көрмесі өтеді;
    • Қазақстан Маркшейдерлер ұйымының ІІ съезінің пленарлық мәжілісі өтеді. Оған 25 ірі тау-кен кәсіпорындарының делегаттары қатысады:    «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД, «ССГӨБ» АҚ, «Екібастұз көмір» ЖШС, «Казцинк» АҚ, «Алтынтау Көкшетау» АҚ, «Алтыналмас АК» АҚ, «Алтай Полиметаллы» АҚ

    және жобалау және ғылыми-зерттеу орталықтардың басқа өкілдері: «Қарағанды ГИПРОШАХТ» ЖШС, «Д.А. Қонаев атындағы тау-кен істер институты», «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-тің Бас жобалау институты (Жезқазған қ-сы) және өзге жоғары оқу орындарының профессор мен оқытушылары: ҚарМТУ, Санкт-Петербург мемлекеттік тау-кен университеті, Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ және т.б., сонымен қатар мамандандырылған фирмалар: «Алгеоритм» ЖШС, «Геоинжиниринг» ЖШС, «Геобизнес» ЖШС және «Геомар» ЖШС қатысуымен өткізу.

    • Съез жұмысы барысында алдын-ала дайындалған «Маркшейдерлік жұмыстарды орындау жөніндегі нұсқаулық» және «Карьерлер мен көмір разрездер беткейлерінің қиябеттерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі қағидалары» нормативтік құжаттары талқыланады. Осы нұсқаулық пен қағидалар  негізгі құжаттар болып саналады. Оларда маркшейдерлік түсірілімдер және тау алаптарына арнайы геомехникалық зерттеу жүргізу жұмыстарын орындау үшін қажетті рұқсаттамалар қарастырылған.

     

    Анықтама ретінде.  Анатолий Охотин (Ресей, Иркутск ұлттық зерттеу техникалық университетінің профессоры) Халықаралық маркшейдерлік қоғамының (International Society for Mine Surveying) президенті болып 2016 жылдың 12-16 қыркүйегі күндері Брисбен (Австралия) қаласында өткен   ISM  XVI  бүкіләлемдік конгресінде сайланды.

    Қазақстан маркшейдерлерінің одағы» ҚҰ-ның президенті – ҚарМТУ Маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасының профессоры КарГТУ – Низаметдинов Фарит Камалович.

    Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті100027, Қарағанды қаласы, Б.Мира 56Email: mdig_kstu@mail.ru

Без рубрики