«ONLINE EXPO-2017» жарысы


«Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясы Қазақстанның «жасыл экономикасы»  және «G-Global»  дамуы үшін  қоғамдық коалициясымен бірлестікте «болашақ энергиясы» атты халықаралық конференциясын өткізді.

Конференция шеңберінде ғылыми эко-шешімдер көрмесі және «ONLINE EXPO-2017» жобасының тұсаукесері өтті. Халықаралық жарыстың ұйымдастырушылары 15 профильді және мемлекеттік емес ұйымдар, сонымен қатар ҚР БҒМ технологияны коммерциализациялау орталығы. Жарысты ұйымдастыру және өткізу бойынша республикалық штаб құрылды.Қатысушы жақтар ақпарт жариялау және  өтініш берушілер, эксперттер және кеңесшілермен  видеоконференциялар өткізу үшін өз интернет- ресурстарын ұсыну туралы келісімге келді. Онлайн дауыс беру және  халықтың ойын білу сауалнамаларын өткізу, алқаптық, өндірістік және зертханалық жағдайларда техникалық құрылғылардың жұмыстарын көрсететін онлайн көрсетілім жасау жоспарлануда

Жарыс  «Expo-2017» көрмесіне алдын ала инновациялар мен жобалар таңдауға бағытталған. Ол көрме басталуына дейін жыл сайын өткізіледі, оның нәтижелері бойынша «EXPO-2017» тақырыбында 2015, 2016 және 2017 жылдары халықаралық форумдар шеңберінде Mini-EXPO көрмесін өткізу жоспарлануда.

Жарыс жайлы толық ақпаратты сілтеме бойынша алуға болады  www.online-expo2017.com.. Жоба тапсыру 2014 ж. 10 қараша- 2015 ж. 30 шілде. Жеңімпаздар есімі 2015 ж. 20 -25 қазанда жарияланады.

Атап өтетін жайт «Online Expo-2017»  сынды жарыс EXPO көрмелерінің тарихында 1851 ж. бастап алғаш рет өткізіліп отыр.

Без рубрики