Он-лайн-олимпиада


27.09.16 по 03.10.16 аралығында Қарағанды техникалық университетінде он-лайн олимпиада өткізілді. Оған тау-кен факультеті, сәулет және құрылыс факультеті, машина жасау факультеті, ақпараттық технологиялар факультеті, жол-көлік факультеттерінен 34 студент қатысты.
Олимпиаданың негізгі мақсаты студенттердің шет тілдеріне және әлем елдерінің мәдениетіне деген жастардың қызығушылығын дамытуға жағдай жасау. Міндеттері: оқытылып отырған тілдердің Отанына, яғни, сол елдің мәдениетін тануға деген мотивацияны ұлғайту, халықтар мен елдер арасындағы мәдени және ғылыми тұрғыдан тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету, мәдениеттер арасындағы коммуникацияларда аса таныла қоймаған жағдайларға жастар қызығушылығын арттыру.
Олимпиада екі тур бойынша өткізілді. Ұйымдастырушылар тарапынан елдерді тану бойынша тапсырмалар дайындылып, қатысушылардың әлем елдері жайлы білімі тексерілді. Бірінші тур он-лайн тестілеу түрінде өтіп, 20 мирут ішінде 40 сұраққа жауап беру шарты қойылды. Екінші тур жазбаша түрде өтті, онда қатысушылар алдын-ала ұсынған тақырып бойынша эссе жазды. Оған үш тақырып ұсынылды:
— The key to cross-cultural success is to develop understanding of — and a deep respect for — cultural differences;
— Government and culture are two diametrically opposed forces — the one blinds and oppresses, the other uplifts and unites;
— If you want to know what is important to a culture – learn its language.
Олимпиада қатысушыларының нәтижесі әрбір тапсырма бойынша берілген ұпайларды жинақтау арқылы анықталды. Қорытынды тексеруде олимпиаданың жеңімпазы болып, екі турдан жалпы есеппен 71 ұпай жинаған Машина жасау факультеті, МАШ-15-3 тобының ІІІ курс студенті Абдыкаримов Кайрат Дулатович атанды. Жетекшісі – Какуля Жанна Мухамедиевна.
Ал жалпыкомандалық есеп бойынша Қарағанды техникалық университеті 41 ұпай жинап, ІІІ орынға ие болды. Олимпиада қатысушылары мен олардың жетекшілеріне сертификаттар мен алғыс хаттар жіберілді.

Без рубрики