Олимпиадалар

Интернет – олимпиада мына пәндер бойынша өткізіледі: физика, математика, Қазақстан тарихы, химия, биология, қазақ, орыс тілдері және география.

Өту кезеңдері және уақыты:

І кезең – сырттай тур, 05.12.2016 ж. – 14.12.2016 ж. аралығында өткізіледі.

21.11.2016 ж.–30.11.2016 ж.– қатысушыларды тіркеу үшін рұқсат беру http://clix.kstu.kz (Қосымша 1 қараңыз) сайтында жүктелген.

05.12.2016 ж. — 14.12.2016 ж.- пәндер бойынша тапсырма беру.

17.12.2016 ж. - 25.12.2016 ж. – жұмыстарды тексеру.

26.12.2016ж. сағ. 12.00www.kstu.kz   сайтының “Интернет — олимпиада” бөлімінде алдын-ала қорытындылау жарияланады.

Апелляцияға берілген өтініштерді қарау – 27.12.2016ж.

ІІ кезең – тікелей қатысу туры,  20.01.2017 ж. өткізіледі.

Өткізілу орны:

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары, 56.

Тікелей турға қатысу құқығы интернет – олимпиаданың сырттай турының қорытындысы бойынша барынша жоғарғы балл алған оқушыларға беріледі.

Өткізілу уақыты:

20.01.2017 ж. сағ.10:00  – барлық пәндер бойынша олимпиаданың өткізілуі, жұмыстарды тексеру және қорытынды шығару.

20.01.2017 ж. сағ. 15:00  – интернет – олимпиада жеңімпаздарын марапаттау.