Облыстық «Жаңа ғасыр жастары» мүшайрасы өтті


11 мамыр күні ҚарМТУ-дың Инновациялық технологиялар колледжінде ҚР Президентінің халыққа жолдауындағы  «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын орындау мақсатында және  Астана қаласының 20 жылдығы, «Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің 65 жылдығы», «Әбілқас Сағынов оқуларының 10 жылдығы»  мерейтойларының қарсаңында  Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжі   «ЖАҢА ҒАСЫР ЖАСТАРЫ» атты облыстық ақындар мүшайрасын өткізді. Колледж директоры Н.А.Смағұлова өз сөзінде бұл байқаудың өз дәрежесінде өтуіне қолдау білдіріп отырған Университет басшысы – М.К.Ибатовқа алғысын білдірді. Байқауға облысымыздың әр өңірінен 23 қатысушы қатысты. Мүшайраға облысымызға танымал ақын-жазушылар Жанат Жаңқашұлы, Рауан Қабидолодин, Ерболат Қуатбек, Кәмшат Хасен және ҚарМТУ-дың Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үштұғырлығы» орталығының басшысы — Нұрлыбек Маманұлы және «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері – Жұмагельдина Динар Мүгінқызы қазылық жүргізді. Байқау нәтижесінде Бұқар Жырау ауданы, «Ботақара жалпы білім беретін орта мектебінің 11 сынып оқушысы Серікбол Асемгүл – Бас жүлде, Бұқар Жырау ауданы, Байқадам орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жекебай Данагүл – 1 орын, Ж.Қ.Букенов атындағы Қарағанды Банк колледжінің 1 курс студенті Ілияс Бейсбай – 2 орын, Инновациялық технологиялар колледжінің 2 курс студенті – Каниева Арайлым – 3 орын алды. Сондай-ақ, Мұқағали Мақатаев, Мағжан Жұмабаев, Шортанбай Қанайұлы, Бұқар Жырау Қалқаманұлы, Әбілқас Сағынов атындағы бес арнайы жүлдемен, Балтабаева Гаухар (Шет тілдер колледжі), Жұман Бектас (Шахтинск қаласы), Хали Еламан («Дарин» мектебінің 11 сынып оқушысы, Балапан Хуанбек (Осакаров ауданы), Ұлғасбаев Мұхтар (Шахтинск қаласы) марапатталады.

Без рубрики