Облыс әкімінің орынбасары ҚарМТУ-ға келді


2 наурыз күні Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Марғұлан Карибеков университетке іс-сапармен келді. Кездесу кезінде әкімдік өкілдеріне білім ордамыздың техникалық бағыттағы ғылыми жұмыстары мен жобалары көрсетіліп,  тәжірибелік сынақтар жүргізіліп жатқан зертханалар да таныстырылды.

Марғұлан Сибирьұлы ЖОО-ның ғалымдарымен жеке-жеке сұқбаттасып, кейбір ғылыми жобалардың ерекшеліктері жайлы сұрастырып, өңірлік өндіріс салаларына енгізу мүмкіндіктері туралы пікірлерін білді. Бұл жобалардың арасында ҚарМТУ-дың өндіріске енгізген қолданыстағы әдістемелік құрылғылары ғана емес, әлі жобалау жұмыстары жалғасып жатқан жеке дара еңбектері де бар.

Без рубрики