Оқыту үшін материалдық база


Кафедрадағы оқу-әдістемелік кеңесінің басты мақсаты-студенттерді оқытудың сапасын көтеру және болон процесі аясында жас мамандар даярлаудың әдістемесін дамыту.Осыған орай 2011-2012 оқу жылында алға мынадай мақсаттар қойылып отыр:

Оқыту үрдісінің әдістемелік базасын қалыптастыру:

Оқу-әдістемелік әдебиетінің қорын толықтыру

Жоспарланған электрондық оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік оқу құралдарын құрастыру үшін бақылау жүргізу және әдістемелік көмек көрсету

Жоғарғы білім берудің үш сатылығы бойынша әдістемелік құралдар мен толықтырулар енгізу (ОӘК электрондық нұсқасы, ОСӨЖ және СӨЗЖ)

Студенттердің білімін бастапқы, ағымдағы және қорытынды бақылау жұмыстары бойынша тексеру үшін тесттік тапсырмаларды құрастыру мен толықтыру

Кафедраның материалды –техникалық базасын толықтыру

2. Шетел тілдерін оқытудың сапасын көтеру:

Оқу процесінде ИКТ-ні қолдану

Кафедрада шеберлік кластары мен ашық сабақтар өткізу

Оқытушылардың өзара сабаққа қатысуларындағы тиімділікті жоғарлату

3. Білім беру сапасының мониторингі:

Студенттердің сабаққа қатысуын қадағалау

Қорытынды бақылау жұмыстарының нәтижесін шығару

Емтихандық сессияның қорытындысын талдау

Мемлекеттік тілде білім алатын топтардың студенттерді оқыту

Білім беру сапасы мен студенттердің қол жеткізген жетістіктерін талдау

Без рубрики