Оқу үрдісіндегі инновация

Бакалаврдың оқу жүйесін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ Серпін – 2050 Мемлекеттік бағдарламасына қатысты кафедра оқытушылары Маженов Н.А., Смирнов Ю.М. және Копбалина Қ.Б. «Электр және электрониканың физикалық негіздері» атты оқулық дайындап басып шығарды.ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының бакалавры үшін оқулық  ретінде ұсынған.

учебник физика 2015


«Дарын-2014» конкурсында «Жылдың жас маманы» номинациясы бойынша Физика кафедрасының оқытушысы Смакова Нұргүл Серікқызы Қарағанды қаласының әкімінің Дипломымен марапатталды.

Диплом премия Дарын


№ 53 мектеп-лицейдің оқушылары Алибеков Ұлықбек, Кайратов Арман және жетекшісі ҚарМТУ-нің физика кафедрасының оқытушысы Смакова Нүргүлден тұратын команда Қазахстанда (Астана қаласында) ең алғаш өткен World Robot Olympiad робототехника бойынша Халықаралық олимпиадаға қатысты. Команда дайындаған жоба «Траектория» номинациясында жеңімпаз деп танылып III дәрежелі дипломмен марапатталды, ал команда мүшелері сертификат және БҒМ-нің алғыс хатын алды. Олар Сочи (Ресей) қ. Робототехника бойынша орта оқу орындарындағы оқушыларды дайындайтын Халықаралық олимпиадаға шақырылды.

Кафедра физики олимпиада по робототехнике каз

 


ҚР Бірінші Президенті Н.А. Назарбаевтың «Атом» жобасын жүзеге асыру мақсатында физика кафедрасында «Әлемдік қолданудағы атомдық энергияның қиыншылықтары» атты ғылыми студенттік конференция өтті.Ұсынылған баяндама саны 10. Әділқазылардың шешімімен анықталған жеңімпаздар:
I орын — ОП-14-1 тобының студенті Сагитаев Т. (ғылыми жетекшісі ф.-м.ғ.к. Салькеева А.К.);
II орын — ОП-13-1 тобының студенті Блял Е. (ғылыми жетекшісі профессор Смирнов Ю.М.);
III орын — ГД-13-1 тобының студенті Сулейменова Н. (ғылыми жетекшісі профессор Маженов Н.А.).
Ең үздік баяндамалары үшін студенттер ҚарМТУ-нің ректоры марапаттады.


Қарағанды облысының Акиматы студенттер мен мектеп оқушылары ортасында «Болашақ жобасы»  техникалық шығармашылықтың көрмесін өткізді.

 Физика Диплом  ФизикаПисьмо Смакова

«Энергияның баламалы көзі: желгенератор» жобасы үшін №53 Қарағанды мектеп-лицейінің оқушысы Алибеков Ұғылбек 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі Смакова Н.С. – физика кафедрасының оқытушысы, Қарағанды облысы акиматының алғыс хатын алды.

 

ҚР ЖОО-ның Ассоциациясының тапсырмасы бойынша кафедра оқытушылары мына оқулықтарды мемлекеттік тілге аударды: «Механика негізгі заңдар», «Электр және электроника», «Заманауи физика».

МЕХАНИКА негізгі зандар

Аударманың авторлары: Маженов Н.А., Смирнов Ю.М., Кенжин Б.М. ( Орыс тілі)

Электр және электроника

Аударманың авторлары: Маженов Н.А., Смирнов Ю.М., Маженова О. (Ағылшын тілі)

Физика 2014

Аударманың авторлары: Маженов Н.А., Камбарова Ж.Т., Смакова Н.С.. (Ағылшын тілі)

 

 

 

 

 

Заманауи физика

Аударманың авторлары: Маженов Н.А., Камбарова Ж.Т., Маженова О. (Ағылшын тілі)