Оқу процесі


Тау-кен факультетінің оқу процесі

Тау-кен ісі факультетінде оқу процесі Болон процесі және кредиттік оқыту технологиясы негізінде жүзеге асырылады.

Әрбір білім беру бағдарламасы үшін жұмыс оқу жоспарлары әзірленді, оған сәйкес сабақтар кестесі мен емтихандар кестесі жасалады. Оқыту сабақтары білім беру бағдарламаларының Мемлекеттік білім беру стандарттарына қатаң сәйкестікте лекциялар, консультациялар, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық жұмыстар және өзіндік жұмыстар түрінде өткізіледі.

Академиялық күнтізбе күзгі және көктемгі семестрлердің, емтихан сессияларының және мереке күндерінің уақытын қамтиды.

Факультет кафедраларының оқу-зертханалық базасы бірегей, ол оқу үдерісінің сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Факультетте бірегей «Метан энергиясы зертханасы» бар.

Барлық кафедралар оқу үдерісінде заманауи аспаптар мен жабдықтарды, инновациялық технологиялар мен оқу-әдістемелік құралдарды пайдаланады. Бұл студенттердің жаңа білім мен дағдыларды меңгеруге деген ұмтылысын белсендіреді.

Өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау талаптары қатаң сақталады, зертханалық паспорттар мен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық журналдары мұқият жүргізіліп, стандарттарға сәйкес келеді.

Тәжірибе базасы болып Корпоративтік университеттің кәсіпорындары табылады:

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ; «Корпорация Қазақмыс» ЖШС ССГПО АҚ Рудный қ. «Жәйремский ГОК» АҚ, «ШұбаркөлКөмір» АҚ, «Разрез Молодежный» ЖШС, «GeoMark» ғылыми-зерттеу орталығы ЖШС және т.б.

График учебного процесса Карагандинского технического университета на 2021-2022 учебный год

Aкадемический календарь 2021-2022 уч.г.

План работы ГФ

График учебного процесса на 2022-2023 учебный год

Без рубрики