Оқу ісі жөніндегі проректор

Виктор Владимирович Егоров – техника ғылымдарының  кандидаты (1975), педагогика ғылымдарының докторы (1995), профессор (1997). 2000 жылы Халықаралық ақпараттандыру академиясының, 2001 ж. Ресей кәсіптік білім академиясының, 2005 ж. Қазақстанның педагогика ғылымдары академиясының, 2008 ж. Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары  академиясының толық мүшесі болып сайланды.

В.В. Егоров Қарағанды политехникалық институтын бітіріп, «инженер-металлург» біліктілігін алған. Бітірген соң «Каргормаш» өндірістік бірлестігінде әр түрлі инженерлік қызметтерде жұмыс істеді, қатардағы инженерден, цех бастығынан бас металлургқа дейінгі еңбек жолынан өтті. 1975 жылы техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденуге кандидаттық диссертациясын қорғады.

1976 ж. бастап 1986 ж. дейін Қарағанды политехникалық институтының аға оқытушысы, сонан соң доценті. 1986 ж. бастап Қарағанды педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі, сонан соң проректор қызметтерін атқарды. 1989 ж. бастап 1992 ж. дейін В.И. Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік  педагогикалық университетінде жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясында машықтанудан өтті.

1995 ж. педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ізденуге докторлық диссертациясын қорғады. 1996 ж. бастап 2006 ж. дейін – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің деканы. Көп жылдар бойы құю қалыптарын тығыздау, құю өндірісін автоматтандыру және механикаландыру саласында қолданбалы зерттеулер жүргізіп келеді. Осы жұмыстарының нәтижесі Қазақстанның және басқа достастық елдерінің зауыттарында қазіргі заманғы импульстік технологиялар мен жабдықтарды ендіру болып табылады.

Виктор Владимирович Егоров қызметінің басты саласы кәсіптік педагогика болып табылады. В.В. Егоров жалпы бағыты қоғамды ақпараттандыру жағдайларында кәсіптік педагогиканы дамытудың негізгі тенденцияларына сәйкес келетін ғылыми мектепті құрды. Оның жетекшілік етуімен 6 докторлық, 32 кандидаттық және 7 магистрлік диссертация қорғалды.

Педагогикалық мамандықтар бойынша докторлық диссертацияларды қорғау бойынша біріккен кеңесті ұйымдастырушы және төрағасы болды (2005 ж.)

В.В. Егоровтың 600-ден астам ғылыми жұмысы жарияланды, оның ішінде монографиялар, ҚР БҒМ ұсынған оқулықтар, оқу құралдары, кітапшалар, авторлық куәліктер, патенттер, қазіргі заманғы техника, технологиялар, кәсіптік педагогика, инженер-педагогикалық білімді ақпараттандыру жөніндегі мақалалар бар. Қырықтан астам өнертабысы, патенті, электрондық оқулығы және автоматтандырылған оқыту бағдарламалары бар.

КСРО ХШЖК және ҚазКСР ХШЖК медальдарымен, «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне айбынды еңбегі үшін» мерейтойлық  медалімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының білім ісінің үздігі» белгісімен, «Қазақстан Республикасының  құрметті білім қызметкері» төс белгісімен марапатталған. Инженер-педагогикалық кадрлар даярлығын жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының арасында ең жақсы шығарылған оқу және оқу-әдістемелік әдебиет конкурсының жеңімпазы болып табылады. 2000 жылы Алматы қаласының «Ғылым» баспасында «Тест тапсырмалары қоса берілген металдар технологиясы және металл тану» ең жақсы оқулығын шығарғаны үшін сертификат алған. 2005 ж. кәсіптік білімді дамыту саласындағы еңбегі үшін А.Г. Неболсин атындағы халықаралық қор сыйлығының лауреаты атағын иеленді. «Қазақстан Республикасының  ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 2005 ж.  «Үздік ЖОО оқытушысы» ҚР мемлекеттік грантын иеленуші болып атанды. Сол жылы «ҚР ғылымын дамытуға қосқан көрнекті үлесі үшін» ҚР БҒМ стипендиясын иеленді. 2009 ж. «INTERNATIONAL ENGINEERING EDUCATOP «ING-DAED IGIP» IGIP сертификатын алды. Сол жылы  «Ы. Алтынсарин» медалімен марапатталды.

Ғылыми еңбектер

Без рубрики