ОӘБ-нің жаңалықтары

Қарағанды техникалық универститетінің жанындағы Оқу-әдістемелік бірлестігі (ҚарМТУ ОӘБ) ҚарМТУ ОӘБ-нде бекітілген 25 мамандық бойынша жоғары білім және ЖОО-нан кейінгі білім берудің міндетті базалық және бейіндік пәндердің  циклдық компоненттерінің үлгілік оқу бағдарламаларын (ҮОБ) жасады.

Үлгілік оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 3 маусымдағы №425 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына және  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген жоғары білім және ЖОО-нан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына  сәйкес жасалған.

Үлгілік оқу бағдарламалары 2016 жылғы 30 маусымда өткен Республикалық ғылыми-әдістемелік кеңес отырысында қаралды, №2 хаттама.

Қарағанды техникалық универститетінің жанындағы Оқу-әдістемелік бірлестігі ЖОО-ның өтінімдері бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде бекітілген 2016 жылғы  Үлгілік оқу жоспарларын беруге дайын.

Без рубрики