Нурмагамбетова Айгерим


«Бөтен тілді терең білу ол тілден аудару ұйғарымында емес, оның аударылмайтындығын сезінуде»

Йосиф Левин

DAAD (Германдық академиялық айырбастау қызметі) барлық неміс жоғары оқу орындарын біріктіреді және академиялық қарым-қатынастардың шетелде дамуына себеп болады, бәрінен бұрын студенттер мен ғалымдар арқылы айырбастау. DAAD магистратурада оқитындарға бірнеше стипендиялық бағдарламалар ұсынады, жазғы тіл курстарына баруға және зерттеулер жүргізуге.

Менің атым Айгерім. Мен ҚарМТУдың 4 курс студентімін. 2009 жылдан бастап DAAD «Жазғы жоғарғы оқу орындар курсы» бағдарламасына қатыстым. Өзімнің неміс тілі білімімді жоғарылату және неміс мәдениетімен жақын танысу үшін, Германияға бару менің арманым болатын.
2010 жылы мен стипендияны ұтып ала алмадым, бірақ Алматыға «Deuysch lernen Deutsch erleben» семинарына шақыру билетін алдым. Семинардан кейін мен алға басуға жігерлендім және 2010 жылдың қазан айында 2011 жылдың стипендиясына өтініш жаздым.
Міне осы жылы менің арманым және мақсатым орындалды! Берлин неміс тіліне арнау курстары өткенде, неміс қызметінің академиялық айырбастауында стипендиант атандым.
Берлин Техникалық Университетінде 1 – 26 тамыз аралығында оқу курсын өттім. Курсқа әр түрлі елдерден 160 студенттер қатысты. Біз оқудың бірінші күні білім деңгейін анықтайтын тестілеу жаздық, содан кейін бізді білім деңгейімізге қарай топқа бөлді. Мен 17 студенттермен бірге B1 тіл деңгейі орташа топқа өттім. Дайындық 9 сағаттан 13 сағатқа дейін созылды. Дайындықтан кейін курсты ұйымдастырушылар әр түрлі ойын-сауық кештерін өткізетін, мұражай, киноға, зоопаркке апаратын. Олимпиядалық стадионға, рейхстагқа, Берлин қабырғасына саяхаттау, қалада қыдыртатын. Қазақстандық студенттерге DAAD стипендиясы 1650 евроны құрайды, оған авиабилеттің төлем ақысы, жатақханада тұру және тіл курсы кіреді. DAAD бағдарламасының арқасында мен тек неміс тілі білімімді жоғарылатып қана емес, неміс мәдениетімен жақын танысуға және Берлиннің қонақжайлығын білуге мүмкіндік алдым.DAADтің «Жазғы жоғарғы оқу орын курстары» бағдарламасын 2,3 курс студенттері қатыса алады. Техникалық саланың студенттері онлайн-өтініш толтырып, сала бойынша шығарма жазып және тіл білімімен тест тапсырулары керек болды. Маған осы бағдарламаға қатысуға ұсыныс жасаған және болашақта жақын арада менің DAADтің стипендианты болатыныма үміт берген ҚарМТУдың халықаралық бөлім қызметкерлеріне шексіз үлкен алғысымды білдіргім келеді. Біздің жоғарғы оқу студенттеріне шетел тілдерін оқуға және өзіңізді әр түрлі стипендиялық бағдарламаларына қатысып көруге кеңес беремін!

Нұрмағамбетова Әйгерім СТ – 08 – 2

Без рубрики