Жаңалықтар


БЖД -14-1 тобының студенті Асылмұрат З.К. «Тіршілік әрекетінің негіздері» пәні бойынша 9 Республикалық олимпиадада 1 орынға ие болды. наурыз, 2017ж. (М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті).

2018 жылы сәуір айында БЖД-17м тобының 1 магистрантын Санкт-Петербургке және осы топтың 2 магистрантын Бишкек қалаларына оқуға жіберу жоспарланады.

«КА және ЕҚ» кафедрасында сәуірдің 19-нан 20-сы аралығында студенттер арасында 5В073100 «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі», «Өрт қауіпсіздігі» пәндері бойынша Жоғарғы оқу орындары арасындағы Х Республикалық пәнаралық олимпиаданың 2 этапы өткізілді.
Жоғарғы оқу орындары арасындағы Х Республикалық пәнаралық олимпиада дайындығы және өткізу барысында Оргкомитет құрылыды, «Өрт қауіпсіздігі», «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» пәндері бойынша қазылар алқасы, «Өрт қауіпсіздігі», «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» пәндері бойынша мандаттық комиссия, «Өрт қауіпсіздігі», «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» бойынша апелляцондық комиссия құрылды.
Олимпиада екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде студенттер тест тапсырмаларын орындайды. Тест тапсырмаларына 60 сұрақ кіреді. Тестілеуге бөлінген уақыт — 180 минут. Үздік нәтижелер көрсеткен студенттер екінші кезеңге өтеді. Екінші кезеңде студенттер тапсырманы жазбаша түрде орындайды. Тапсырма 5 сұрақтан тұрады. Тапсырмаға бөлінген уақыт — 120 минут.
Олимпиадаға Қазақстан Республикасының 12 жетекші ЖОО –ның 35 студенттері қатысты (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс қазақстан мемлекеттік университеті, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті, Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Д. Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университеті, т.б.).
ҚарМТУ атынан олимпиада жұмысына қатысқандар:
— Исагулов А.З. – бірінші проректор;
— Оралова А.Т. – Тау-кен факультетінің деканы;
— Жолмагамбетов Н.Р. — «КА және ЕҚ» кафедрасының меңгерушісі;
— «КА және ЕҚ» кафедрасының Профессорлық оқытушылар құрамы ;
— ТӘҚ мамандығының студенттері.

Без рубрики