«Невада – Семей, Чернобыль: жылдар өткеннен соң»

2018 жылдың 20 сәуірі күні «Кеніштік аэрология және еңбек қорғау» кафедрасының ұйымдастыруымен  ҚарМТУ-дың  екінші корпусында «Невада – Семей, Чернобыль: жылдар өткеннен соң» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты – жастарға Чернобыл АЭС-нда болған  апаттың бүгінгіе дейін жалғасқан салдары мен Семей облысында Кеңес Одағы тарапынан құрылған ядролық, әскери және бактериологиялық полигондар мен зертханалардың зиянды әсерін жеткізу, оларға туып-өскен  жерідің табиғатын қорғауды насихаттау, санасын ояту.

Дөңгелек үстелді Кеніштік аэрология және еңбек қорғау» кафедрасының профессоры Юрий Дмитриевич Обухов жүргізді.  Ол аталмыш іс-шараның мақсатты өткізіліп отырғанын айта келіп, 26 сәуір –Радиациялық апат құрбандарын еске алу күні  екендігін еске түсірді.

Дөңгелек үстел жұмысына еліміздің экологиялық жағдайы жайлы көптеген зерттеулер жүргізіп,  осы сала бойынша өз пікірін ашық жариялап келген ғалымдар, зерттеушілер қатысты. Олардың қатарында «Невада–Семей» ядролық сынақтарға қарсы қозғалысының төрағасы, қайраткер-ғалым Марғұлан Хамиұлы Хамиев, Қарағанды облысы табиғи ресурстар жәнет табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысының орынбасары – Асет Нұрмұханұлы Тазабеков, қалалық ардагерлер Кеңесінің жастар арасындағы әскери-патриоттық жұмыс бойынша комиссия төрағасы – Ерсаин Құсайынұлы  Омаров,  Қарағанды кәсіби  экологтар ассоциациясының басшысы – Геннадий Викторович Сухоруков, «ЭКОЭКСПЕРТ» ЖШС-нің мамандары, кафедра меңгерушісі Нұрбек Рысбекұлы Жолмағамбетов, университет оқытушылары және студенттер мен магистранттар болды.

Дөңгелек үстелді ЖОО-ның тәрбие ісі жөніндегі проректоры Назым Аманғазықызы Алпысбаева ашып,  мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Туған жер» жобасы аясында  өткізіліп отырғандығын айтты. Сондай-ақ осындай қасіреттерді болдырмау үшін жастармен жүйелі жұмыс жүргізудің қажеттігіне назар аударды.

Одан кейін қонақтарға сөз беріліп, олардың әрқайсысы ел экологиясын жақсарту төңірегінде жасаған өздерінің зерттеулері, олардың нәтижелері, жоғарыда аталған апаттардың кесірінен туындаған проблемалар туралы ой-тұжырымдарын айтты.  Әсіресе, жастар Марғұлан Хамиұлының айтқандарын ұйып тыңдады. Өйткені өмірінің басым бөлігін елдегі экологиялық мәселелерді мемлекеттік деңгейде талқылап, «Невада–Семей» ядролық қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі болған қоғам қайраткері атомдық энергетиканы өндіру, полигондардағы жарылыстардың бүгінгі салдары, адамдардың денсаулығына төнген қауіп-қатерлер, оларды шешудің жолдары жайлы ащы шындықты айтып, жастарға осы мәселелер бойынша зерттеулер жасау қажеттігін айтты.

Елдегі экологиялық жағдаймен кәсіби айналысатын эксперттердің зерттеулері мен баяндамаларынан кейін сөз кезегі жас зерттеушілерге берілді.  Адам өмірінің қауіпсіздігі саласы бойынша білім алып жатқан студенттер әлемдегі экологиялық жағдай, қоршаған ортаны ластаудың әсері, олардың алдын алу жолдары жайлы ойларын бөлісті.

Дөңгелек үстел соңында  қорытынды жасалып, қатысушыларға университет басшылығы атынан алғыс хаттар ұсынылды.

Без рубрики