Үндістанда білім алу

Үндістан үкіметі мәдени байланыстар бойынша Үнді кеңесінің (ICCR) шәкіртақы бағдарламасы (GCSS) бойынша Үндістан университеттерінде/Оқу орындарында білім алғысы келетін Қазақстан азаматтарына 2015 -2016 оқу жылына шәкіртақы берілетінін жариялады.

Аталмыш шәкіртақылар бакалавр, магистр және доктор дәрежесін алғысы келетін, докторлық зерттеулер жасау, әлеуметтік ғылымдар, өнер және гиманитарлы ғылымдар саласында жұмыс жасағысы келетіндерге арналған. Шәкіртақы туралы толық ақпарат http://www.iccrindia.net сайтында.

Шәкіртақы алам деушілер ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгерген болулары қажет. Магистр/Доктор/Докторлықтан кейінгі курстарға барам деуші студенттер зерттеу саласында ұсынатын тақырыбының түйіндемесін жіберуі тиіс. MBBS/MD/MS/BDS курстары бойынша білім алу үшін шәкіртақы берілмейді.

Шәкіртақы тағайындау талаптары бойынша  үміткерлер электронды түрде басылған өтініштерді толтырып, PDF түрінде diriccastana94@yahoo.com. Электрондық поштасына жіберулері тиіс.

5 фотосурет және 5 көшірмесі Үндістан елшілігі Үнді Мәдени орталығының директорына жіберілуі тиіс, С-15А Дипломатиялық қалашық, Сол жағалау, Астана-010000 . Тел:8(7172)241472, 243292, факс 243472.

Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық байланыс бөліміне хабарласыңыз (бас ғимарат, 309а б.)