НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА, БАЙҚАУ !


ҚР БҒМ ПРЕМИЯЛАРЫ МЕН СТИПЕНДИЯЛАРЫ !!
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жыл сайынғы: — ғылым саласындағы сыйлықтарды: жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Қ.И.Сәтбаев атындағы бір сыйлық, гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ш.Уәлиханов  атындағы бір сыйлық, педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшiн Ы.Алтынсарин атындағы бір сыйлық, түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық, жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы бір сыйлық, гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы бір сыйлық;

 — 75 мемлекеттік ғылыми стипендияны (оның ішінде 50-і –талантты жас ғалымдарға арналған) беруге арналған 2013 жылғы конкурстарды  жариялайды.

Қосымша ақпаратты ғылым Департаментінен және Университет сайтынан  білуге болады (бас корпус, 226 каб., тел.: 2226)

Ғылым Департаментіне өтінімдерді тапсыру мерзімі2013ж.
4 қазанына
дейін.

 

Толық ақпаратты ғылым Департаментінен білуге болады (бас корпус, каб.226, тел.566822, ІБ:2226)

Без рубрики