Назарбаев қоры трэвел-гранттарға байқау жариялады

Байқауға қатысуға 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар және мәдениет пен өнер қайраткерлері шақырылады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорында  «Сапарларға арналған гранттар» дәстүрлі байқауы басталды. Байқау жеңімпаздарына Қазақстан Республикасында, сондай-ақ шет елдерде жүргізілетін мамандандырылған іс-шараларға қатысуға грант беріледі.

Қатысу үшін гранттар бөлінеді:

— жас қазақстандық мәдениет пен өнер қайраткерлерінесонымен қатар шығармашылық ұжымдарға фестивальдерге, байқауларға, симпозиумдарға, шеберлік кластарына, биеналға және конференцияларға

— жас ғалымдар мен ЖОО студенттеріне ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға, семинарлар мен конгресстерге қатысуға бөлінеді

Өтінім беру мерзімі: 22 қаңтар – 30 қараша 2018ж.

Гранттарды бөлу ережелері мен қатысуға өтінім:

Қосымша ақпарат мына телефондар мен e-mail бойынша:

  • +7 727 220 92 24, roza@fpp.kz – Едігеева Роза Мақашқызы – жас ғалымдар үшін.
  • +7 727 220 92 14, stm@fpp.kz – Исмаилов Тимур Мұратұлы – мәдениет пен өнер қайраткерлері үшін.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Иванилов к-сі, 12А.
Правила-Гранты на поездки 2018

Без рубрики